Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Метеорологтар: 2015 – ең жылы жыл

Мамандар 2015-ең жылы жыл, бақылау тарихында ондайды болмағанын айтты, деп хабарлайды Новости-Казахстан.

Парижда өткен халықаралық конференцияда Дүниежүзілік метеорология ұйымы жер бетіндегі климатқа алдынала болжам жасады.

“2015 жыл тарих бетіне енетін жыл. Себебі, бұл жыл бақылау тарихында  ең ыстық және теңіз бетінің атмосфера ыстығы барынша көтерілген. Келесі жыл да жылы болады, тіпті бұдан да ыстық болуы мүмкін”, деді ДМҰ-ның бас хатшысы Мишеля Жарро.

Айтуынша, ауадағы жылыжай газдары барынша көртерілген. Ал СО2 орташа концентраті  2015 жылдың көктемінде бірінші рет солтүстік жарым шардағы 400 бөлімі миллион кедергілерден өткен. Осы жылдың жоғарғы жақтың орташа температурасы  0,73 градусті көрсетеді. Ол деген 1961-1990 жылдардағы 14 градус көрсеткіштен жоғары және 1880-1899 жылдардағы көрсеткіштен 1 градус жоғары екен. Биылғы жыл ең жылы кезең болды. Бұл Эль-Ниньо құбылысының күшімен және жаппай жылымық кезеңмен салыстырғанда келер жыл одан да жылы болады.  

Тіпті теңіз  бетіндегі ауа температурасы барынша жылылықты көрсетеді. 2015 жыл Оңтүстік Америка және Азия елдері бақылау тарихындағы ең ыстық жыл болды. Және 2011-2015 жыл аралығы әлем бойынша ең жылыбес жылдық кезең болды.

Талқылау