Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мессидің отбасы футболшының «офшорлық ойындарға» қатысы жоқ екенін айтты

«Барселона» шабуылшысы Лионель Мессидің отбасы жексенбіде жарияланған «панамалық құжаттарға» сәйкес, футболшы салық төлеуден жалтару үшін қитұрқы әрекетке барды дегенді жоққа шығарып отыр, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

месси

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«Месси салық төлемеудің жаңа тәсілін ойлап тапты, ақшаның ізін жасырды деген айып жалған әрі бұл – оған тіл тигізу», – делінген футболшының отбасы атынан жасалған мәлімдемеде.

Месси отбасы сотқа талап арыз беру мүмкіндігін зерделеу үшін адвокатқа жүгінді. «Барселона» клубы да Мессиді қолдап, мәлімдеме жасады.

«Клуб Месси отбасы келтірген дәлелге сенетінін хабарлайды. Лионель Мессиге қарсы жарияланымнан кейін клуб ойыншыға және оның отбасына қолдау көрсетті», – делінген «Барселона» мәлімдемесінде.

Мессиге қарсы айып «El Confidencial» газетінде жарияланды.

Талқылау