Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мессидің құрметіне алтын мен платина жалатылған бутсы шығарылды

Таяуда ғана бесінші рет «Алтын доп» иегері атанған Лионель Мессидің жетістігіне арнап, атақты adidas компаниясы бутсы шығарды.

месси

Ол осыған дейін шығарылған Messi15 бутсыларының моделіне ұқсайды. Спорттық аяқ киімнің беткі бөлігіне adidas пен Мессидің жеке логотиптері бейнеленген, деп жазады gazeta.ru. Оның өкше тұсында алтын жалатылған төрт және платина жалатылған бір нүктенің суреті бар. Бұл нүктелер футболшы бес рет қол жеткізген «Алтын доптар» санын білдіреді екен. Ал оның ұлтарағына жазылған «el más grande de todos los tiempos» сөздері «барлық уақытта да ең үздік» деп аударылады.

Талқылау