Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мессидің адвокаттары салықтан жалтарды деп шығарылған үкімге шағым түсірмек

Лионель Месси адвокаттары «Барселона» шабуылшысын салықтан жалтарды деп айыптап,  21 ай түрмеге жабу туралы испаниялық сот үкіміне шағым түсіретіндерін мәлімдеді,- деп хабарлайды Би-би-си.

месси

Сәрсенбі күні сот футболшыны 21 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Мессидің әкесіне де осындай үкім кесілген.  Одан бөлек, футболшы 2 миллион еуро (2,2 миллион доллар), ал оның әкесі 1,5 миллион еуро көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Отырыс барысында сот футболшының Danone, Adidas, Pepsi-Cola және басқа да компаниялармен жасасқан жарнамалық келісімшарттарын қарап шықты.

Прокуратураның айтуынша, футболшы мен оның әкесі 4,1 млн. еуро көлеміндегі қаражатқа салық төлемеген. Салық төлемеу үшін олар офшор схемасын пайдаланған.

 

Талқылау