Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мессидің есімін пакетке жазып киген бала онымен кездесетін болды

Ауғанстанның оңтүстік-батысындағы Газни қаласынан – «Барселона» мен Аргентина құрамасының ойыншысы Лионель Мессидің жанкүйері бес жасар Мортаза Ахмади  таяуда кумирімен кездесетініне үмітті.

0b2f8df3404debdbcc3e5004ce110c8b

Бұдан бұрын интернетте Мортазаның пластикалық пакеттен жасалған футболкасына Месси деп жазып алған суреті пайда болып, бүкіл әлемге тарап кеткен болатын. Аргентина құрамасының ойыншысы баламен кездесуге келісті. Баланың әкесі Мухаммад Ариф (Mohammad Aref) Sputnik Dari тілшісі Зухал Сархадпен әңгімелесу барысында баласы футболды қалай жақсы көретіні жайлы айтып берді, деп жазады шетелдік БАҚ.

«Барлығы бір жыл бұрын Мортазаның аулада балалармен футбол ойнағанынан кейін басталды. Содан кейін ол футболды теледидардан көре бастады. Ол Мессиге болысса, ағасы басқа футболшыға жанкүйер. Жарық жоқ, 14-дюймды теледидарды қосу үшін күн энергиясын пайдаланамыз. Мортаза Месси футболкасын көптен бері армандап жүр. Сондықтан да ол Аргентина құрамасының формасына ұқсайтын ақ-көкшіл пластикалық пакетті сатып алған. Оның ағасы пакетке фламастермен «10» саны мен «Месси» деп жазған. Мортазада футбол ойнау үшін доп та жоқ, ол ағасынан сұрап алып, достарымен аулада ойнайды. Ұлым Мессимен кездескісі келеді. Біз де күндердің күні ол арманына жетер деген үміттеміз».

Ауғанстан футбол федерациясында Лионель Мессидің өкілдері олармен байланысқа шыққанын хабарлаған. Қазір ұйым Мортазамен кездесуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде.

«Ауғанстан футбол федерациясы басшылығы Месси мен «Барселонадан»  кездесуге қатысты хабарлама алды», – деді   федерацияның баспасөз хатшысы Сайед Али Каземи EFE-ге берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Месси іздеген бүлдіршіннің қайдан табылғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау