Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Месси мен оның әкесі 21 айға бас бостандықтарынан айырылды

Испан соты “Барселона” футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси мен оның әкесі Хорхе Мессиді 21 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

62eee285093530a3f8d109dab73760ad

Сурет express-k.kz

Бұл туралы championat.com хабарлайды.

Алайда аталған үкім бойынша футболшы мен әкесі жазаларын түрмеге отырып өтемейді. Өйткені, Испанияда екі жылдан аз уақыта үкім етілген кез-келген жаза сынақ мерзімі ретінде өтеліп, айыпты адам түрмеге жабылмайды.

Футболшы мен оның әкесі сот залына осы жылдың маусым айынан бастап келді. Оларға 2007, 2008 және 2009 жылдары 4,1 млн евро салықты жасырып төлемегені үшін деген айып тағылған.

Бұған дейін футболшы сұрақтардың барлығына әкесі жауапты болғандығын, өзі тіпті келісім-шартты оқымағанын да айтқан еді.

Талқылау