Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Месси мен Иньеста Түркиядағы қайырымдылық матчына қатысудан бас тартты

Түркияда әлем жұлдыздарының қатысуымен өтуге тиіс футбол мачты болмайтын болды. Елде төңкеріс жасау үшін ұйымдастырылған қантөгістен соң Лионель Месси мен Андрес Иньеста Түркияда өтетін қайырымдылық матчына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды RT-ге сілтемемен 24.kz.

месси

Осыдан соң бұл жобаның авторы камерундық форвард Самуэль Это’О іс-шараның өтпейтіндігін мәлімдеді. Футболшылардың райларынан қайтуына бүлікшілердің елде ойран салуы себеп. Қайырымдылық матчынан түскен табыс Африка балаларына жұмсалатындығы айтылған.

Бұл ойынға «Барселонаның» қос үздігімен қатар Деку, Джей-Джей Окоча, Самуэль Это’О, Эден Азар, Стефан Аппиа, Карлес Пуйоль, Коло Туре, Эмре Белезоглу және Марсель Десайи секілді кіл мықтылар қатысады деп жоспарланған болатын.

 

Талқылау