Месси іздеген жанкүйер бүлдіршін Ирактан табылды
Полиэтиленді қапқа “Месси 10” деп жазып алған балақайдың суреті интернетті шарлап кеткен болатын. Тіпті, аталған фотоны Мессидің өзі де көріп, кішкентай бұл баланы іздестірген еді.
Жанкүйер бүлдіршінді іздестіріп, бүкіл әлемге жар салған Мессидің тілегі орындалды деуге болады.
Kurdistan24 телеарнасының журналистері Месси іздеген баланы іздеп тапты. Оның аты Хомин. Ирактағы Дахук қаласының тұрғыны екені ғана анықталды.
Хомин сурет екі жыл бұрын түсірілгендігі және Мессидің керемет ойыншы екендігі үшін жақсы көретіндігін айтқан.
Талқылау