Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Месси Бразилияның ең үздік бөкселі аруын достықтан өшіріп тастады

“Барселона” шабуылшысы Лионель Месси өзінің Инстаграмдағы парақшасында бразилиялық Miss BumBum-2015 (Бразилияның ең үздік бөкселі аруы) конкурсының жеңімпазы болған Сьюзи Кортесті бұғаттап тастады.

580893202c286aaff273b59080d902d5

Сурет sport.bigmir.net

Бұл туралы vesti.ru хабарлайды.

Бразилиялық ару өзінің ашық түскен суреттерін футболшыға жібергеннен кейін, Месси осындай әрекетке барған.

385218032

Сурет noticias.bol.uol.com.br

Аргентиналық футболшының әйелі Антонелла Рокуццо да солай істеген.

“Месси менің аккаунтымды бұғаттап тастағанда таңқалдым. Мен Мессидің әйеліне еш алаңдама деп айтар едім. Мен тек фанатпын. Оның өз-өзіне деген сенімсіздігі мені таңқалдырып отыр. Бұл әрекет әйелінің қызғанышынан жасалып отыр”, – дейді 25 жастағы Сьюзи.

ыыыыыы

Сурет news.sportbox.ru

“Егер онда 40 миллион жазылушы болса, мені бұғаттап не істейді. Бұл таза ақымақтық. Мен тек футболдың және “Барселонаның” тұрақты жанкүйерімін”, – дейді бразилиялық ару.

Сьюзи Кортес 2015 жылы 500-ге тарта ару қатысқан “Бразилияның ең үздік бөкселі аруы” байқауында жеңіп шыққан болатын.

Талқылау