Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Месси «Алтын доп» табыстау рәсіміне ерекше киініп келмек

Футболдан Аргентина ұлттық құрамасы мен испаниялық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси бүгін болатын «Алтын доп» табыстайтын салтанатты кешке тәж бейнеленген костюм киіп келмек.

image_29451

Бүгін, 11 қаңтарда Цюрих қаласында 2015 жылдың ең үздік ойыншысының есімі белгілі болмақ. Бұл мәртебеге Мессиден бөлек, Неймар және Криштиану Роналду таласады.

1445878890_messi-ron-neymar

Месси бұған дейін аталған марапаттау рәсіміне көпшіліктің назарын аударатын костюм киіп келуімен де ерекшеленген еді.  Оның бүгін киіп келетін киімінің дизайны да көңіл ауып, көз тартарлық сәнге ие болмақ.

photo_61354

Месси осыған дейін «Алтын допты» 4 рет иеленсе, Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду үш мәрте жеңімпаз атанған. Ал Неймар, үміткерлердің үздік үштігіне алғаш рет еніп отыр.

photo_61356

Үздік футболшы – ұлттық құрамалардың бас бапкерлері мен капитандарының және спорт журналистерінің дауыс беруі нәтижесінде анықталмақ.

Талқылау