Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мешітке келетін адамдарға жұмыс тауып беретін болды

Елорданың Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп мешітке келетін қауым арасындағы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуда белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің сайты.

-1SZQhncySQ

Әр бейсенбі және жұма күндері сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін елорданың үш мешітінде Жұмыспен қамту орталығының өкілдері мәліметтер базасындағы бос жұмыс орындарын ұсынады, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша кеңес береді және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары туралы ақпараттандырады.

Айта кетейік, жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы жыл басынан бері 12 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды, әйелдерді және жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жәрмеңкелер бар. Жұмыспен қамту орталығының мобильдік тобы халық көп жиналатын жерлерде мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру шараларын өткізді.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасы судьяларға қазақ билерiнiң шешендiк сөздерiн оқуға кеңес бердi

Бойжеткен несібесін арттырған екі тоқаш жайлы әңгімесін айтып берді

Ішінен бәрі көрінетін ішкиімдер жұртты шошытты (фото)

5 жасар ауыл баласы елбасыға видео сәлем жолдады

Қазақстанда түйе зәрімен қалай емделеді (видео)

Талқылау