Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева желіде өзіне тіл тигізген қызды аяғына жығылдырып кешірім сұратты

Әнші Меруерт Түсіпбаева шәлкез мінезін еш жасырмайды. Өзіне тиіскендерді аямайтынын айтқан әнші жақында өзін жамандаған бойжеткенге ашуланып, полицейлерге ұстатып бергенін еске алды.

14267455375593

Сурет comode.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

“Instagram желісінде боқтық сөздер жазды, білмеймін мен әкесін өлтіргендей. Содан кейін мен бір қызды ұстап алдым да, ол қыз ойлаған мені таппайды деп, лақап атпен отырған. ІІД-ге хат жазып, ол қызды таптым, ол аяғыма жығылып жылады”, – дейді Меруерт.

Ол осындай тік мінездің арқасында көп адамға жақпай қалатынын да жасырмайды.

“Мен тікпін. Ұнаса ұнады деймін, ұнамаса ұнамады деймін. Мен амандаспаймын, көңіл күйім жақсы болса сөйлесемін, жақсы болмаса мен ешкімге кешіріңіз жағымпазданып, ой бұл продюсер, ой бұл киноға түсірмей қояды-ау, жақсы амандасайын бетінен сүйейін деген менде  болмайды”, – дейді әнші.

Талқылау