Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева ұмыт қалған ұлттық тағамдарды жаңғырта бастады

Меруерт Түсіпбаева қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан тағамдарын жаңғырта бастады. Ол тыңдармандарына палау мен лағманның орнына көнеден келе жатқан қазақтың ұлттық тағамын жеуді ұсынды.

Тусипбаева-170217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше сағат бұрын әнші желідегі парақшасына кезекті видеосын жүктеді. Онда ол қазақтың “қарын бүрме” деп аталатын тағамы туралы әңгімеледі.

«Мына «Қарын бүрме» деген қазақтың, нағыз көне көшпелі қазақтың ұлттың тағамы. Біз дегеніміз палауды, лағманды жейміз. Неге біз қазақтар өзіміздің ұлттық көне тағамдарымызды іздестіріп, бұл қалай жасалды екен деп зерттеп, жемейміз? Мен қазір кесіп, жақсылап тұрып мұны жеймін», – дейді Түсіпбаева.

Бурме-170217

Одан кейін әнші қарынның ішін “ақтарып”, онда не бар екенін көрсетті. Әнші бұл тағамның денсаулыққа пайдасы зор екенін атап өтті.

“Дұрыс тамақтану деп жатады ғой қыздар. Міне сізге нағыз дұрыс азық”, – дейді Түсіпбаева.

Айта кетейік, бүрме – кесектеп тұралған етті өзінің майы мен сөліне бұқтырып дайындайтын (пісірілетін) тағам түрі. Жергілікті жерлерде мұндай тағамды бөртпе, көмбе, қарын бөртпе деп те атайды. Байырғы ортада осындай тәсілмен пісірілген етті суыған соң қарынға салып, тоңазытып қойып, көп ретте сапарға шыққан жолаушылар жолазыққа тұтынған.

Жіберіп алмаңыз:

Тамара Асар аяғының ауыр екенін айтып қалды

Қытай қызы: Димашпен тек Майкл Джексон теңесе алар еді (фото)

Әли Оқапов жұртты бейәдеп қылығымен шошытып алды (фото)

Ерке Есмахан: Тек еңбектің арқасында әдемі қызға айналдым

Талқылау