Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева “Қытайда тұратын жігіті бар” дегендерге жауап берді

Жуырда Қытай халық респуликасына барып қайтқан Меруерт Түсіпбаеваның жеке өмірі турасында ел арасында әңгіме көп. Көпшілік әншінің Қытайда жас жігіті бар деп ойлап жүр. Әнші ел арасында жүріп жатқан әңгімелерге тоқтау салды.

тусупбаева

Фото: instagram.com/mira_tusupbaeva/

«Әрине, «қымызды кім ішпейді, қызға кім қарамайды» дейді. Маған танымал өзімнің достарым да айтты: «Жақсы көретін адамың Қытайда тұрады екен» деп. Шынын айтқанда, Қытай халық республикасында 1998 жылы менің бейнеклипім қатты тарады. Сол кезде маған ғашық адамдар көп болды. Сөз айтқандар да, тіпті, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағандар да болды. Бірақ егер адам ұнамаса, «маған хабарласпа, сенен ештеңе шықпайды» деп турасын айтамын», – деді әнші Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында.

Тұрақтылықты ту еткен Түсіпбаева өмірінде бір-ақ рет ғашық болғанын мәлімдеді. Айтуынша, басынан өткерген махаббат сезімі оның жүрегінде үлкен мұң қалдырған.

«Мен ойлаймын нағыз махаббат өмірде бір-ақ рет беріледі адамға. Мен өмірде құлай сүюдің не екенін сезіндім. Содан кейін ол менің сезімім өте сәтсіз ол маған өте көп ауыртпашылық, жүрегіме мұң алып келді. Оның өзінің себептері бар», – деп жалғады сөзін әнші.

Түсіпбаева ел арасында таралып кеткен әңгімелерге жауап берді.

«Неге адамдар солай айтады? Мен түсінбеймін. Қытайда тұратын жігітім жоқ, нақ айтайын», – деп түсіндірді ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Кімнің қалыңдық көйлегі әдемірек? Қазақстандық жұлдыздардың той көйлектері (фото)

Сергей Безруков қазақ бүлдіршінін құтқару үшін суретін аукционға шығарды (видео)

Баян Мақсатқызының 13 жасар қызы ересек түр-келбетімен таң қалдырды (фото)

Ерке Есмаханға құны 2,5 миллион теңге тұратын киім сыйланды

Талқылау