Меруерт Түсіпбаева өзіне сезімін айтқан әріптесі Сәкен Майғазиевке жауап берді

Әнші Сәкен Майғазиев өнердегі әріптесі Меруерт Түсіпбаеваны туған күнімен құттықтап, онымен алғаш танысқан кезін еске алған еді. Сол кездерде қатты толқып, қобалжығанын айтқан Сәкеннің естелігін Түсіпбаева жауапсыз қалдырмады, деп жазады Stan.kz.

Меруерт Түсіпбаева өзіне сезімін айтақан Сәкен Майғазиевке жауап берді

Меруертпен алғаш танысқан сәтін айтып берген Сәкен қатты толқығанын жасырмаған еді.

РЭЦК-ң 2-курс студенті екенімді, болашақ әнші екенімді айтып, ағымнан жарылып жатырмын. «О-о-о, қазақ эстрадасына тағы бір сымбатты жігіт келейін деп тұр екен ғой… Түсіпбаевадай сұлудан сұлу сөз есту. Күні бойы толқып, түні бойы дөңбекшіп шықтым (арасында барып айнаға қарап қоям)», – деді», – деп еске алған еді Сәкен Майғазиев.

Өз кезегінде Түсіпбаева әріптесіне жылы жауап беріп, ұлы Нұрғиса Сәкенге ұқсаса разы болатынын жасырмады.

«Осы естелікті оқып күліп алдым. Үмітім Нұрғиса балам Сәкен Майғазиев бауырымызға ұқсаса разымын. Ол сияқты анасын сыйласа, өмір зая кетпейді деп ұғынамын», – деп жазды Меруерт  Түсіпбаева Instagram-парақшасында.

 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар