Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева Грузияда жүріп шаян жегенін айтты

Меруерт Түсіпбаева жазғы демалысында екі бірдей елде демалып үлгерген. Әнші Грузияда жүріп шаян жеп көргенін айтты.

image

Фото: facebook.com

Бұл туралы Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі Грузияның қымбат мейманханаларының бірінде 12 күн бойы қонақтап жатқан. Атақты Боржоми суын  ішіп, суына түсіп тіпті бал мен сүт аралас ванна да қабылдаған. Грузиндердің ерекше дайындалған тағамдарынан да дәм татқан.

“Шаянды ерекше дайындайды екен. Ешкімге айтпайтын соустары бар екен. Сол соусқа шаянды пісіріп берді. Өте қатты ұнатып соны жедім”, – дейді Меруерт Түсіпбаева.

Осылайша, демалып әрі денсаулығын емдеп қана қоймай, әнші грузинше ән айтып, қаланың көрікті орындарын аралаған. Меруерт бір айда екі бірдей елге сапарлап қайтқан көрінеді. Грузиядан шыға салысымен Түрік еліне табан тіреген.  Мұнда әнші тарихи орындарды көбірек аралауға тырысқаны білініп тұр.


Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева: Ажырасқан соң отбасылы адамға ессіз ғашық болдым

Меруерт Түсіпбаева желіде өзіне тіл тигізген қызды аяғына жығылдырып кешірім сұратты

Түсіпбаева қызды болғысы келетінін айтты

Түсіпбаева өзін енесі үйінен қалай қуып шыққанын айтып берді

Талқылау