Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева: Мәдинаны Жанармен салыстыруға келмейді, екеуі жер мен көктей

Мәдина Сәдуақасованың сұхбатынан кейін желіде қызу пікірталас басталды. Меруерт Түсіпбаева Мәдина Сәдуақасованың сұхбатына қатысты ойын айтты.

“Кешеден бері Мәдинаның қазақ эстрадасында бәсекелесі жоқ деген тақырыпта әңгіме өрбітіп, тырнақ астынан кір іздеген журналистер xабарласуда… Бүгін арнайы бағдарламаны қарадым…. Еее-еее не айтамын. Ауызы күйген үрлеп ішеді. Майысқан Ләйләнің тым арсыз сұрақтарынан кейін Мәдина үркіп отыр. Көрініп тұр. Әр сөзін қадағалап, сақ отыр. Нақты сұраққа қатысты, менің айтарым.  Кейде амандасып, кейде тасыраңдап жанымнан өтіп кететін, кейде Мадинаның (Қ-0рда), кейде менің (Павлодар) жерлесім болып жүретін Тимурдың Жанар Дұғалова мен Мадинаны салыстыруы – ұлкен қателік! Жанар – Димаштың деңгейінде тұрған тума талант. Екі тілді жетік меңгерген, екі тілде бірдей шебер жазатын Ааын. (сол себепті, арқасы бар ақын ғой деп амандаспаса, Жанарға өзім барып амандасамын. Шындық осы) Жанар – өз қолтаңбасы бар композитор. Жанар үшін Түрквижн – тек бастау, көресіздер”, – дейді Түсіпбаева желіде.

Әнші Мәдина мен Жанарды салыстыруға келмейтінін, Жанардың Димаштың деңгейіндегі тума талант екенін айтты. Димаштың да болашаға зор болатынын 5 жыл бұрын айтқанын атап өтті.

“Света біледі Димаш туралы да мен солай жазғанмын 5 жыл бұрын. Мен Жанармен Мәдинаны салыстыру керек емес деп ойлаймын. Бибігүл Төлегенова апайымыз айтқандай – жер мен көктей. Ал, Дильназ қанша тырысса да “Бір баланы”ешқашан Мәдинадай xалықтың көзіне жас үйірілтіп  орындай алмайды. Мәдинаның жауабы ұнады. Менің түсінгенім. Әр адам, өнер адамы болсын, етікші болсын – қайталанбас шебер, Алланың туындысы, демек болды. Журналисттер даурығатындай еш нәрсе айтқан жоқ”, – дейді әнші.

Желі қолданушыларының бірі әншінің сөзін қолдаса, ендібірі қарсы пікір жазды.

“Əріптестер арасында осындай əңгімелер қажет емес сияқты. Əркімнің өз таланты бар. Салыстырып бірін біріне қайрап. Əр қайсысының өз заманы өз тыңдарманы бар. Мадина өте нəзік əнші”, “Басы салыстыру, аяғы жамандау болды ғой! Артыңыздан ерген сінліңіз, жолығып айтыңыз үйретіңіз!”, – деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін Мәдина Сәдуақасова Тимур Балымбетовтың бағдарламасына сұхбат берген еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау