Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева: Мәдина, қандас бауырларымыз болмаса, монғолдарға сенің әнің 5 тиынға керек емес

Меруерт Түсіпбаева Мәдинаның моңғолдар туралы айтқан пікіріне сын айтты. Мәдина бұған дейін берген сұхбатында монғолдардың ерекше мейірімді, жомарт халық екенін айтқан еді.

“Мәдинаның Монғолияда өткен концерті туралы айта кеткенде монғолдарды аспандата мақтап, сол жақта тұратын қандас бауырларымыз туралы, менсінбей түрте салғаны жаныма батты. Сол жерді арнайы қайта қайыра қарадым. Мәдина!!! Қазақ диаспорасының шақыруымен Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай мен де болғанмын Монғолияда…Сен асыра мақтаған монғолдардың ортасында 39 пайызға жақын қандас бауырларымыз тұрады. Олар болмаса, сен салған қазақша әнің монғолдарға бес тиынға керек емес. Біздің концерттерге бір монғол ұлты келсе – ол сол жерде ғасырлар бойы қоныстанған тарыдай шашылуға тағдыр мәжбүрген сорлы Қазақтың арқасында. Орысша жақсы түсінгендіктен, сөзіңді әбден тыңдадым…Монғолиядағы гастроль туралы айтқаның ойлантты мені. Сені апарған Ұшқын -сол жақта туып өскен қазақ емес пе?!”, – деп жазады Меруерт Түсіпбаева.

Әнші шетел қазақтарын ерекше құрметтейтінін айта келе, жүргізуші Тимур Балымбетовтің орыс тілінде сұхбат алғанын сынап өтті.

“Өз басым – шетелдегі қазақтарға құрметім жоғары. Қызылордада туып өсіп, орысша сұxбат алып отырған Тимурдан, жырақта жүріп тілін сақтап қалған солар артық маған”, – деп жазды Түсіпбаева желіде.

Әнші Мәдинаның Жанармен салыстыруға келмейтінін, екеуі жер мен көктей екенін айтып пікір білдірді. 

Айта кетейік, бұған дейін Мәдина Сәдуақасова Тимур Балымбетовтың бағдарламасына сұхбат берген еді. Мәдина Сәдуақасова жүргізушінің өтінішімен сұхбатты бастан-аяқ орыс тілінде берді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау