Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева енді Баянның құрбысы Динара Сәтжанға шүйлікті 

Біраз уақыттан бері Баян Алагөзовамен дауласқан Меруерт Түсіпбаева енді тележүргізуші Динара Сәтжанды сынады.

«Мен танитын орыстардың көбі қазақша тым жақсы сөйлейді. Мая Веронская, Ольга Спирина… Пәле өзімізде. «Мен қазақша білемін. Бірақ орыс тілі арқылы танымал болдым» деді Динара Сәтжан. Сонда ол білсе неге сөйлемейді? Оған еліктейтін жас қыздарға қандай үлгі береді? Асылы Осман айтқандай, қазақтың наны тәтті, тілі ащы ма», – деді әнші желідегі жазбасында.

Айта кетейік, әнші бұған дейін Баян Алагөзова түсірген «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» фильмін сынаған болатын. Ол Баян Алагөзовадан сериалға кеткен ақшаны қайтаруды талап етті. Алғашқыда әлеуметтік желі арқылы тартысқан қос бикеш енді телеарналарға сұхбат беріп, бір-біріне деген өкпе-назын айтып жүр. Өткен аптада Түсіпбаева тарихи фильм түсіруге Алагөзованың деңгейі жетпеген деп мәлімдеген еді.

Тағы да оқыңыз:

Әнші Бауыржан Исаевтың концертіне 9 адам ғана келді

Серікбол Сайлаубек: Бір көзім көрмейді, Алла бір көз бермесе де халықтың ықыласын берді, соған шүкір

Мәдина Сәдуақасова салтты білмеген күйеуінің жаңа үйленген кездегі қызықтарын айтып берді 

Талқылау