Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева ауруханаға түсіп қалды

Әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева ауруханада жатыр. Алайда әзірге оның ем алуына не нәрсе себеп болғаны белгісіз. Ол өзіне қолдау көрсетіп жүрген сүйіктісіне алғыс айтты.

image

Фото: facebook.com/profile.php?id=100003116480162

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Біраз уақыт бұрын Меруерт Түсіпбаева балалар байқауында әділ қазы мүшесі болып отырған. Аталған байқауда Зарина есімді бүлдіршіннің өнеріне тәнті болып, оның орын алмағанына іштей ренжіген. Әнші Заринаның кезекті сайыстағы өнерін тамашалай алмағанына өкінді. Десе де, ауруханада жатып оған барынша қолдау көрсететінін айтып өтті.

“Жарық жұлдыз, өнерлі балалар сайысында әділ-қазы алқалар мүшесінде болдым. Өз басым осы қызды ұнаттым. Мен хареограф болмағандықтан, Заринаға ешқандай орын берілмеді. Артынша диплом тапсырды. Зарина, бүкіл жұрттың ортасында орын алмадым деп жасыма. Сені қолдан келгенше қолдауға сөз беремін.

Бүгін міне Алланың қалауымен және менің көмегіммен ол Қазақстан ұлттық арнасында  республикалық сайысқа шықты. Өнер көрсетіп жатыр. Мен бара алмадым. Педагогы видео жолдаған екен. Мені келеді деп күткен екен. Мен болсам тақымымды қысып жылап алдым. Күнім-ау, сен ақтөбеліктер ғана емес, барша қазақ мақтанатын жұлдыз болшы. Тілеуіңді тіледім”, – дейді ол.

1

Ауруханада ем алуға мәжбүр болса да, актриса қасында қолдау көрсетерлік жандардың көп екенін айтады.

“Қамқорлығың үшін көп рахмет! Сен болмасаң, мен осындай болар ма едім?! Жер бетінде жасаған жақсылықтарым үшін Алла маған сені тарту етті”, – дейді ол.

Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары актрисаға ақ тілектерін жаудырып, тез сауығып кетуін тіледі.


Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева: Ажырасқан соң отбасылы адамға ессіз ғашық болдым

Меруерт Түсіпбаева желіде өзіне тіл тигізген қызды аяғына жығылдырып кешірім сұратты

Түсіпбаева қызды болғысы келетінін айтты

Түсіпбаева өзін енесі үйінен қалай қуып шыққанын айтып берді

Талқылау