Меруерт Сүйлеменова гір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды

Бейсенбі, 3 Желтоқсан , 2015 13:42

 Ақмолалық спортшы Меруерт Сүлейменова Дублинде гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионы атанды.

20

Жарыс Ирландияның астанасы Дублин қаласында өтті. Жарысқа әлемнің 39 елінен 700-ге жуық спортшы қатысты. Оның ішінде Қазақстан құрамасында  18 жастағы Меруерт Сүйлеменова әлем чемпионы атанды.

«Меруерт 24 келі гір тасын 131 рет көтерді», – дейді жаттықтырушысы Бақтияр Жұмабеков.

Ол 68 келі салмаққа дейінгі қыздар арасында өткен жарыста жұлқа көтеру тәсілі бойынша жеңімпаз болды. Меруерт Сүлейменова Ақмола облысы Астрахан ауданының жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің тәрбиеленушісі.  Қазір ол  Семей қаласында өтетін Республика кубогіне дайындығын бастады.

Аталған додада Қазақстан құрамасы жалпы командалық есеп бойынша екінші орынды алды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
16.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар