Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мерекелік дастарханға қойылатын 12 ерекше тіскебасар

Stan.kz мерекелік дастарханның сәнін келтіретін дәмді, әрі ерекше 12 тіскебасар ұсынады.

Мерекелік дастархан: 12 ерекше тіскебасар

Егер уылдырық қосылған бутербродтардан жалықсаңыз, онда лосось, асшаян, бекон, ірімшік және басқа ингредиенттерден ерекше тіскебасарлар дайындап көріңіз.

1. Беконға оралған ащы асшаяндар

Мерекелік дастархан: 12 ерекше тіскебасар

Бұл ерекше тіскебасарды дайындау үшін бізге 8 тілім бекон, 16 аршылған асшаян, 1 шөкім кайен бұрышы керек.

Әзірленуі

Бекон тілімдерін бірнеше кесекке бөліп, онымен асшаяндарды орап, таяқшамен бекітіңіз. Содан кейін асшаяндарға кайен бұрышын себіңіз. Сосын оларды фольга төселген пісіру табағына салып, пеште 230 ° C-қа дейінгі температурада 10-15 минут пісіріңіз.

2. Бекон мен ешкі ірімшігінен жасалған орама

Мерекелік дастархан: 12 ерекше тіскебасар

Бұл шайнаманы дайындау үшін 8 тілім шала қақталған бекон, 8 шай қасық жұмсақ ешкі ірімшігі, дәміне қарай тұз бен қара бұрыш, 1 бума руккола және 8 корнишон керек.

Дайындалуы

Беконның әрбір тілімінің шетіне бір шай қасық ешкі ірімшігін салыңыз. Дәміне қарай тұз бен бұрыш қосыңыз. Содан кейін ірімшіктің үстіне руккола қойыңыз. Бірақ, рукколаның жапырақтары беконның екі жағынан шығып тұруы керек. Сосын қиярды төрт бөлікке бөліп, рукколаның үстіне қойыңыз.

Содан кейін орамаларды мықтап орап, әрқайсысын ортасынан бөліп шығыңыз да, әдемілеп табақшаға салыңыз.

3. Ірімшік қосылған ет шарлары

Мерекелік дастархан: 12 ерекше тіскебасар

Ол үшін бізге 180 г ұн, 2 шай қасық қамыр қопсытқыш, ½ шай қасық тұз, 2 ас қасық еріген сары май, 900 г шошқаның қысқа шұжығы (сардельки), 450 г ұнтақталған чеддер ірімшігі, 1 пияз, 1 тісте сарымсақ, 2 балдыркөк сабағы керек.

Жасалуы

Ұнды, қамыр ұнтағын және тұз бен майды бір ыдысқа салып, араластырыңыз. Алынған қоспаға туралған шұжықтарды, үгітілген ірімшікті, сондай-ақ туралған пияз бен сарымсақты және балдыркөкті қосыңыз. Осы ингредиенттердің бәрін жақсылап араластырыңыз да, дайын болған соң диаметрі 2,5 см болатын шар жасаңыз.

Содан кейін оларды фольга жабылған пісіру парағына бір-біріне жабыспайтындай етіп салыңыз. Кішкентай шарлар тұмшапеште 190 ° C-қа дейінгі температурада 15 минут, қызарғанға дейін піседі. Ал тағам дайын болғанда оларды тіс шұқығыш таяқшамен бекітіп, дастарханға қоямыз.

4. Мексикаша дайындалған асшаян

Мерекелік дастархан: 12 ерекше тіскебасар

Қажетті ингредиенттер: 2 шай қасық зәйтүн майы, 18 асшаян, ½ шай қасық үгітілген чили, ¾ стақан гуакамол тұздығы, табиғи хош иістендірілген немесе тұздалған 18 қытырлақ чипсы, бірнеше күнзе бұтақшасы.

Әзірленуі

Табаны отқа қойып, майды жылытыңыз. Содан кейін оған асшаяндарды салып, үстінен чили бұрышын сеуіп, 2-3 минут араластара отырып, қуырыңыз. Асшаяндар қызғылт болып пісуі керек.

Ал чипсыға 1-2 шай қасық гуакамол тұздығын қосып, үстіне асшаяндарды бір-бірден қойып шығыңыз. Сондай-ақ, тағамды дастарханға қоярда бетіне ұсақтап туралған күнге жапырақтарын себіңіз.

5. Теңіз шаянының еті мен ірімшіктен жасалған себетше (тарталетка)

Мерекелік дастархан: 12 ерекше тіскебасар

Теңіз шаянының еті мен ішімшіктен себетше жасау үшін 220 грамм кілегейлі ірімшік, 170 г теңіз шаянының еті немесе теңіз шаянының таяқшалары, 2 ас қасық майонез, 2 ас қасық үгітілген пармезан, 60 г ұнтақталған чеддер ірімшігі, жасыл пияздың бірнеше сабағы, 1 шай қасық соя тұздығы, 20 себетше, 1 шөкім паприка керек.

Дайындалуы

Кілегей ірімшігі мен туралған теңіз шаянының етін майонез, үгітілген ірімшік, туралған пияз және соя тұздығына қосып, араластырыңыз. Сосын бұл қоспаны себетшеге салып, бетіне паприка себіңіз де,  5-7 минутқа 190 ° C-қа дейін қыздырылған пешке қойыңыз. Сонымен қатар, бұны  жылы күйінде жеген дұрыс.

6. Қақталған лосось салынған қияр себеті

Мерекелік дастархан: 12 ерекше тіскебасар

Бұл тіскебасарды дайындау үшін бізге 2 қияр, 120г кептірілген ласось, 2 ас қасық лимон шырыны, 1 ас қасық ұсақтап туралған пияз, 1 ас қасық киеуіл (каперс), бірнеше ақжелкен сабағы, ½ шай қасық дижон қышасы, ⅛ шай қасық ұнтақталған қара бұрыш қажет.

Жасалуы

Қиярды жақсылап тазалап, теңдей қылып екіге бөліңіз де, ортасындағы тұқымдарын алып тастаңыз. Содан кейін балықты ұсақтап, басқа ингредиенттермен араластырыңыз. Қоспа дайын болған соң, жарты қиярдың ішін балық қоспасымен толтырыңыз.

Оларды пленкаға орап, 3-4 сағатқа тоңазытқышқа қойыңыз. Ал дастарханға қойғанға дейін қиырды себет қылып бірнеше бөлікке бөліп шығыңыз.

7. Ірімшік шарлары

Мерекелік дастархан: 12 ерекше тіскебасар

Қажетті ингредиенттер: 900 г кілегей ірімшігі, 450 г үгітілген чеддер, 200 г ұнтақталған пекан немесе жаңғақ, 60 мл қойылтылған немесе қайнатылған сүт, 120 г зәйтүн, 2 түйір сарымсақ, ½ шай қасық тұз, ½ бума ақжелкен, бірнеше қасық паприка.

Дайындалуы

Алдымен, кілегей ірімшігі мен чеддерді араластырыңыз. Содан кейін оған 150 г жаңғақ, сүт, туралған зәйтүн мен сарымсақ және тұз қосыңыз. Сосын қоспаны жақсылап араластырыңыз да, үш бөлікке бөліп, әрбір бөліктен шар жасаңыз.

Содан кейін бір шарды ұсақтап туралған ақжелкенге, екіншісін – қалған жаңғақтарға, ал үшіншісін – паприкаға домалатып алыңыз және бәрін тоңазытқышқа салыңыз. Бұл тіскебасарды  крекермен жеген дәмді болады.

8. Ет, ірімшік, кептірілген алмұрт қосылған себет

Мерекелік дастархан: 12 ерекше тіскебасар

Кептірілген алмұрт пен ет, ірімшік қосып тұздық жасау үшін 8 тілім бекон, ½ шай қасық қоңыр қант, ¼ шай қасық ұнтақталған даршын, ¾ стақан ұсақтап туралған тауық еті,  ¼ стақан туралған кептірілген алмұрт, 3 ас қасық өрік джемі, 2 шай қасық сары май, ¼ шай қасық тұз, ¼ шай қасық ұнтақталған қара бұрыш, 80 мл алмұрт шырыны, 30 себетше,  60 г көк ірімшік керек.

Әзірленуі

Бекон кесектерін екі жағынан қытырлақ етіп қуырыңыз. Содан кейін қант пен даршынды араластырып, беконға себіңіз де, тағы бір минут дайындаңыз. Сосын бәрін қағаз сүлгіге қойып, суытыңыз.

Бекон суығанша туралған тауық еті мен кептірілген алмұртты, джем, май, тұз және бұрышты таза табаға салып, алмұрт шырынын құйыңыз. Тұздықты қайнатыңыз да, қоюланғанша араластырып, тағы 3-4 минут пісіріңіз.

Содан кейін қоспаны бір шай қасықтан алып, себетке салып, бетіне туралған бекон мен ірімшік себіңіз. Сосын себеттерді 180 ° C-қа дейінгі температурада қыздырылған тұмшапешке  5-7 минутқа қойыңыз.

9. Шотланша әзірленген бөдене жұмыртқасы

Мерекелік дастархан: 12 ерекше тіскебасар

Бұл тіскебасарды дайындау үшін бізге 12 бөдене жұмыртқасы, 300 грамм шошқа еті, дәміне қарай тұз бен қара бұрыш, 2 тимьян сабағы, 1 ірі тауық жұмыртқасы, 100 г нан үгіндісі және өсімдік майы керек.

Дайындалуы

– Бөдене жұмыртқасын 2 минутқа қайнаған суға салыңыз. Содан кейін оларды салқын суға салып, суығанда абайлап тазалаңыз.

– Сосын етді тұздап, бұрыш сеуіп, тимьян жапырақтарымен араластырыңыз. Қоспа дайын болғанда оны теңдей қылып 12 бөлікке бөлеміз де, жұмыртқаны орап, шар жасаймыз. Содан кейін шарларды жұмыртқаға батырып, нан үгіндісіне домалатамыз.

– Терең табаға 5 сантиметр мөлшерінде өсімдік майын құйып, қыздырыңыз. Сосын шарларды қызған майға салып, 1-2 минут қызарғанша пісіріңіз.

– Содан кейін қуырылған шарларды кепсермен алып, артық майын сорғыту үшін қағаз сүлгіне қойыңыз.

– Шотланша дайындалған жұмыртқаны пісіру табағына тізіп, 180 ° C-та қыздырылған пешке 5 минутқа қойыңыз.

10. Зәйтүн мен кілегейлі ірімшіктен жасалған пингвиндер

Мерекелік дастархан: 12 ерекше тіскебасар

Кілегейлі ірімшік пен зәйтүннен пингвин жасау үшін 18 ірі зәйтүн, 250 г кілегейлі ірімшік, 18 кішкентай зәйтүн және 1 сәбіз керек болады.

Жасалуы

Әрбір ірі зәйтүнге бойлық тілік жасаңыз да, оны кілегейлі ірімшікпен толтырыңыз. Содан кейін сәбізді 0,5 сантиметр қалыңдықта турап, әр шеңберден кішкене үшбұрыш кесіп, пингвиннің аяғын құрастырыңыз.

Кесілген сәбіз бөліктеріне кішкентай зәйтүндерді қойыңыз. Сосын ірімшік толтырылған зәйтүндерді сәбіз шеңберлеріне қойып шығыңыз. Ал «басын» жасау үшін кішкентай зәйтүндерді үстіңгі жағына қойып, тіс тазалайтын таяқшалармен ұстатыңыз.

11. Қақталған лосось салынған құймақ 

Мерекелік дастархан: 12 ерекше тіскебасар

Керекті ингредиенттер: 120 г ұн, 1 шөкім тұз, 1 үлкен жұмыртқа, 1 ас қасық зәйтүн майы, 250 мл сүт, 1 үлкен кесек сары май, 50 мл қаймақ, 150 г ысталған лосось, бірнеше аскөк сабағы.

Әзірленуі

– Ұн мен тұзды араластырып, ортасынан кішкентай шұңқыр жасап, оған жұмыртқа мен зәйтүн майына құйып, араластырыңыз. Үздіксіз араластыра отырып, байыппен сүт құйыңыз. Осылай, қамырды біркелкі етіп илеңіз.

– Сары майды табада ерітіп, құймақты екі жағынан пісіріңіз. Олар алтын түсті болуы керек.

– Әрбір құймаққа аздап қаймақ, бірнеше лосось кесегін қойып, аскөкмен сәндеңіз.

12. Жаңа жылдық «Челси» шыршасы

Мерекелік дастархан: 12 ерекше тіскебасар

Тоқаш қамыры үшін: 800 г ұн, 1 ас қасық тұз, 15 г жылдам ашытатын ашытқы, 400 мл сүт, 60 г сары май, 2 жұмыртқа керек.

Салма үшін: 400 грамм кептірілген жемістердің, жаңғақтардың және қанттың ұнтақталған қоспасы, 1 алма, 1 алмұрт, 1  апельсин қабығының үгіндісі, 75 г ұнтақталған пісте (фисташки), 100 г цукат, 1 ас қасық ұнтақталғардаршын, 25 г сары май.

Шәрбат үшін: 3 ас қасық өрік джемі, 200 г қант ұнтағы, 1  апельсин қабығының үгіндісі, 40 г цукат, 25 г ұнтақталған пісте қажет.

Жасалуы

1. Ұнға тұз бен ашытқыны қосыңыз. Содан кейін сүтке сары май қосып, қоспаны жылытыңыз. Сары май ерігенде, қоспаны ұнға құйыңыз. Сосын жұмыртқа қосып, араластырыңыз.

2. Қамырды икемді болғанға дейін шамамен бес минут илеңіз. Оны майланған ыдысқа салып, бетін сүлгімен жабыңыз да, көтерілу үшін бір сағатқа қойып қойыңыз.

3. Қамыр көтерілгенше кептірілген жеміс, жаңғақ және қант қоспасын аршылған және туралған алма мен алмұрт қоспасына, апельсин ұнтағы мен пістеге және цукат пен даршынға қосып араластырыңыз.

4. Содан кейін, ашыған қамырды 50х45 сантиметр қалыңдықта жайып, бетіне ерітілген сары май жағыңыз. Сосын қамырдың шетін 2 см қалдырып, бетіне тәтті салманы салыңыз.

5. Ораманы абайлап орап, шеттерін кесіңіз. Содан кейін өткір пышақпен ораманы 15 бөлікке бөліңіз. Сосын жаңа жылдық шырша жасау үшін, кесілген орамаларды пергамент қағазы төселген пісіру парағына салыңыз. Күлшелердің арасында орын болуы керек, бірақ қамыр көтерілгенде олар бір-біріне жабысып тұруы тиіс. Ең соңында қамыр қалдықтарынан ағаштың діңгегін жасаймыз.

6. Шыршаның бетін таза сүлгімен жабыңыз да, тағы 30-45 минутқа қалдырыңыз. Содан кейін сүлгіні алып тастап, пісіру парағын 190 ° C дейін қыздырылған пешке, 20-25 минутқа қойыңыз. Тоқаш піскенде қызыл-қоңыр түске боялуы тиіс. Байқасаңыз, пісіру кезінде олар тез қоңырланып кетеді. Сондықтан қамырдың бетін фольгамен жабу керек.

7. Шұңқыр ыдыста өрік джемін ерітіп, сәл су құйыңыз. Онымен сәл суыған тоқаштарды майлаңыз да, толық суығанша күтіңіз.

8. Содан кейін ұнтақталған қант пен апельсин қабығының ұнтағын және 2 ас қасық суды біркелкі масса болғанша араластырыңыз. Оны целлофан пакетке салыңыз да, ұшын кесіп, шәрбатпен шыршаны айналдырып гирлянд жасаңыз. Сосын бетігне цукат пен пісте себіңіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау