Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарамсыз қалған бөтелкелерден тұрмысқа қажетті керемет заттар жасауға болады

Думандатқан мерекелерден соң, әсіресе, Жаңа жыл мерекесі аяқтала салысымен көптеген бос бөтелкелер қалады. Бірақ, олардан құтылуға асықпаңыз.  Аталған жарамсыз көрінетін бөтелкелер үйдің сәнін келтіріп, ұзақ уақыт сұлулыққа қызмет етуі мүмкін.

bottles12

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

Бөтелкелер жарық шашады

bottles01Шыны бөтелкелерден жасалған креативті шамдар

bottles02Бөтелкелерді кәдеге асырудың ерекше түрі – олардан жарық шашатын шам іспетті зат жасау. Ол үшін аталмыш бос ыдыстың жапсырмаларын алып, жақсылап жуған дұрыс. Сосын құрғатып, оның ішіне арнайы жарық қондырғыларын орнатасыз. Егер, осылайша бірнешеуін жасай алсаңыз бұл сізге сөз жоқ мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

bottles03Мұнан соң бөтелкелерге түрлі минатюралық кескіндемелер жабыстырып, құлпырта түсуге әбден болады. Бұл ретте сыртын әрлеуге түрлі қатырма қағаз қаптамалар да жарай береді. Егер, уақытыңыз болса бөтелкелерді аэрозольді бояумен бояп, түрлі ою-өрнектер де түсіріп қойыңыз.

bottles04Ортақ көркемдік стиль

bottles05Бір элемент келесі бір элементпен үндесу арқылы бір-бірін толықтыра алады. Мәселен бөтелкелердің сыртын жақсылап бояп және аздаған өрнек жабыстырып, сосын ішіне гүл салып қойсаңыз көздің жауын аларлық көркемдік болып шыға келеді.

bottles06Тағы да осыған ұқсас инсталляция жасау үшін алдымен жапсырмаларынан құтылып, аэрозольді бояу сатып аламыз. Оларды жақсылап көркемдейтін арнайы орынды да белгілеп алу керек. Өйткені, бояуды себу кезінде ол жан-жағына шашырауы мүмкін. Бояу арқылы бөтелкенің сыртына түрлі жемістер мен өсімдіктердің суретін салсаңыз тіпті керемет болмақ.

bottles07Егер, аздап әзілге бой алдыруды да артық емес деп тапсаңыз, онда тағы бірнеше дүниені жүзеге асыруға болады. Мәселен, дәстүрлі мультиктер стилінде әсемдеп қойыңыз. Бұл балалар бөлмесінің ажарын аша түспек.

bottles08Балалар бөлмесі үшін тамаша идея

bottles09Міне, мексикалық стилдегі безендіру

bottles10 (1)Шын мәнінде, бөтелкеден тағы да басқа тамаша заттарды үйлестіріп шығуға болады. Гүл салғыш ваза, бояу қалбыры т.б. ең бастысы ол сізге қуаныш сыйлай алса болды.

bottles11Декорациялық функциядан бөлек, бос қалған бөтелкелерді зергерлік бұйымдарды безендіру түрінде де қолдана аласыз. Ыңғайлы әрі қалтаңызға да салмақ түсірмейді.

bottles12

Талқылау