Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мереке Бауыржанқызы: Енем 1977 жылғы, жасымыз шамалас

КВН ойындарының жұлдызы Мереке енесімен танысқан күнді еске алды. Әзілкеш қыз жарының анасын алғашқы кезде қабылдай алмағанын ашып айтты. Алайда уақыт өте келе өзінің екінші анасына қатты ұқсайтынын байқаған.

Мереке Бауыржанқызы: Енем 1977 жылғы, жасымыз шамалас

Бұл туралы “Астана” арнасының “Той жыры” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz тілшісі.

“Алғаш енемді көрген кезде ашыла алмадым. Сырға салуға келген кезінде көрдім. Маған басқаша болып көрінді. Беташар өткеннен кейін үйде жүргенде қатты ұқсайтынымызды байқадым. Еркеліктерімізге дейін, назар аудармай қойса, жылап ренжіп қаламыз. Ол кісінің де сүйіп жасайтын тамағы – бұқтырма екен, менікі де сол. “Келін ененің топырағынан” деген сөздің төркінін түсінбейтінмін. Мүмкін емес, бәрібір де ол ене мен келін деп ойлайтынмын. Бірақ шынында солай екен”, – деп ағынан жарылды Мереке.

“Екінші анам 1977 жылғы, жастымыз ғой “почти”, – деп күлді Мереке. Әрсеннің айтуынша, оның анасы мен келіншегі бір-біріне қатты ұқсайды.

“Анам да жас қой. Ол да Мереке сияқты ерке. Өзінің баласына, маған еркелейді. Екеуінің тамақ әзірлеуі де бірдей. Анамдікі тәттірек енді. Екеуі де үйде отырғысы келмейді, бір жерге қыдырғысы келіп тұрады. Мереке де сондай, кеш батқанда тамақ істесей десең, бір жерден тамақ іше салайық деп ұсынады”, – дейді Әрсен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мерекенің Есен Елеукенге ренжіп, жылап қалғанын жазған едік.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау