Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Менсінбегеннен емес: Данагүл Темірсұлтанова “Тамаша” театрынан екі рет бас тартқан

Белгілі актриса Данагүл Темірсұлтанова кезінде “Тамаша” театрында ойнаудан екі рет бас тартқан. Тек Ұлықпан Есенов үшінші мәрте ұсыныс жасаған кезде, өнердегі ағаларының қолқа салуымен келісімін берген. Бұл туралы актриса “Астана” арнасының “Аналар” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Менсінбегеннен емес: Данагүл Темірсұлтанова "Тамаша" театрынан екі рет бас тартқан

“Көбі ойлайды, комедияда ойнаған оңай деп. Бірақ ондай емес. Комедияда қатты ойнап қойсаң, көрермен қабылдамайды. Сондықтан маған қиынға соқты. Басында 1-2 рет “Тамашаның” президенті Ұлықпан Есенов шақырған кезде мен барған жоқпын.

Кейіннен Құдайберген, Мейірбан, Тоқсан ағаларымыз: “Айналайын-ау, сені шақырып жатыр ғой.

“Тамашаға” анау-мынау қыздарды шақырмайды, сені сахнадан көрген, сондықтан шақырып жатыр. Бір бармапсың, екі бармапсың. Дана, мұның дұрыс емес”, – деді. Мен менсінбегендіктен емес, жүрексініп бармадым. Анадай үлкен ағаларыммен қалай партнер боламын? Оның үстіне, комедия ойнап көрген емеспін. Әрине, қалай ойнаймын деген күдік болды”, – дейді Данагүл Темірсұлтанова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау