Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал әнші Ақбота Сейтмағанбет қорғаушысын көрсетіп, жұртты күлкіге қарық қылды

Keshyou тобының экс-солисі Ақбота Сейтмағанбет желіге балалық шағындағы суретін жүктеп, өзінің қорғаушысымен танысырды, деп хабаралайды Stan.kz тілшісі.

Akbota

Әлеуметтік желідегі парақшасында кішкентай қыз бен жігіттің суретін жүктеген әнші суреттегі кішкентай Ақбота екенін айтты. Ал жанындағы жігіт қорғаушысы көрінеді.

«Кішкентай Боташка. Жанымдағы жігіт есімде жоқ, бірақ түріне қарасам менің қорғаушым сияқты», - деп жазды Ақбота Сейтмағанбет.

Әншінің тыңдармандары балалық шағындағы суретіне таңданып, ыстық ықыласын білдірді.

 


 

Талқылау