Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Менің тағым - қазақтың кең белінде": Айтыскер Сараның қолын сүйген әйел жұртты сүйсіндірді

Айтыстың соңында Сара Тоқтамысоваға гүл ұсынып, ақынның қолын сүйген әйел жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Бұл жайлы айтыскер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Қолынан сүйгісі келген әйелге Сара ханым риза болған.

«Гүлін ұсынып тұрып "Сарқанай, қолыңнан бір сүйейінші" деп жатыр. Алтыным сол! Ардақтыларым менің! Амандықтарыңызды тілеймін!» - дейді Сара ақын.

Ақынды қолын сүйгісі келген әйел қатты шабыттандырып, жүрегіне жылулық сыйлаған сыңайлы. Сара Тоқтамысова халықтың қызы екенін айтып жыр шумағын шығарды. 

«Менің бағым - қиылмаған бұрымда,
Менің тағым - қазақтың кең белінде,
Менің бағым - жүректегі жырымда,
Менің тағым ел-жұртымның төрінде... дегім келіп кетті. Жақсы тілектер жаудырыңыздаршы бір» деп жазды Сара Тоқтамысова.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Гүлін ұсынып тұрып, :"Сарканай қолыңнан бір сүйейінші"- деп жатыр ! Алтыным сол ! Ардақтыларым менің ! Амандықтарыңызды тілеймін! * Менің бағым- қиылмаған бұрымда Менің тағым- қазақтың кең белінде Менің бағым - жүректегі жырымда Менің тағым ел-жұртымның төрінде... Дегім кеп кетті 😘😘😘😘😘😘 * * Жақсы тілектер жаудырыңыздарщы бір❤️😘! Ең мықты тілекке парақшасына кіріп, бір шумақ өлең менен😘😘 👇🏽

Публикация от Сара Тоқтамысова. (@sarkanai)

Мұны көрген жұрт сүйсініп, әйелге де, ақынға да ыстық ықыласын білдіріп, ақжарма тілегін жаудырды.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр