Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Менің ештеңем кетпес: Абай Бегей автоұрылардың құрбаны болды

Әйгілі мәнерлер сырғанаушы Денис Теннің қазасынан қайғылы қазасынан кейін елімізде автоұрылар тақырыбы жиі қозғала бастады. Тіпті, қайғылы жағдайдан кейін тексеріс күшейтілсе де, ұрылар тыйылар емес. Көліктің бөлшектерін ұрлайтындардың құрбаны танымал  әнші Абай Бегей де болған, деп жазады Stan.kz.

Абай Бегей

Абай Бегей Instagram-парақшасында 1960 жылы шыққан көлігінің дөңгелегіндегі резинасы мен басқа да бөлшектерін ұрылардың қолдың қылғанын айтты.

«Ұрыларға жазаны күшейтпесе тоқтатар емес. 1960 жылғы автокөліктің доғалақтағы резина т.б бөлшектері ешкімге керек емес деп ойлайтынмын. Егер тез арада жазаны күшейтпесе талай адамның өліміне себепші болмасына кім кепіл? Менің ештеңем кетпес, бұйыртса сатып алармын. Біреудің бір нәрсесін ұрлаудың Алла алдындағы жауабы тым ауыр екенін білсе ғой», – деп жазды әнші.

 

Естеріңізге сала кетсек,  бұған дейін Денис Тен автоұрылардың құрбаны болған еді. 9 шілде күні Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында көлік айнасын ұрламақ болған екі азамат Денис Тенге шабуыл жасады. Кикілжің нәтижесінде күдіктілер спортшының аяғына пышақ сұғып алған. Нәтижесінде Денис Тен көп қан жоғалтып, аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Айта кетсек, бұған дейін министрдің орынбасары қолға түскен азаматтардың шынайы қылмыскерлер екенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ, ІІМ өкілі Денис Теннің өліміне күдіктілердің бірі Арман Құдайбергеновтің бұған дейін жасаған қылмысы үшін не себепті тұтқындалмағанынтүсіндірді. Мұнан кейін аталған іске қатысты үшінші күдікті ұсталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау