Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бұрынғы бапкері: Головкин "біз" емес, "мен" деп сөйлейтін жағдайға жетті

Абель Санчес Геннадий Головкин екеуінің екі жаққа кетуіне не себеп болғанын айтты, деп Sports.kz-ке сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Головкин

"Мен Головкиннің шешімін құрметтеймін. Оның айтқаны - мен күткен сөз емес еді. Өкінішке қарай, боксшы бір күні "біз" емес, "мен" деп сөйлейтін жағдайға жетеді. Ол көп нәрсеге жетті. Рекордтар орнатты. Бірақ мұның бәрі командалық еңбектің нәтижесі. Менеджерлердің, промоутерлердің, өзге де боксшылар мен менің де еңбегім бар. Мен де оның жеңіске жетуі үшін өз отбасымды құрбан еттім. Сондықтан бұл шешімге аздап ренжідім", - деді бұрынғы бапкері. 

Абель Санчес Головкинмен жұмыс істеу кезінде нендей құрбандықтарға барғанын айтты. 

"Бапкерлер үнемі осындай жайттың құрбаны боламыз. Уақытымызды арнаймыз. Бірақ оның бәрі қайтпайды. Оған ақша берілетін шығар, бірақ уақытымыз кетеді. Адамдар неше түрлі пікір айтып жатыр. Алайда олар менің орнымда болған жоқ. Олар бапкерлердің қалай жұмыс істейтінін, отбасынсыз қалай жүретінін түсініп те жүрген жоқ. Олар спортшы мен оның отбасы жайлы айтады. Бапкерлердің де өз отбасы бар екенін білмейді. Мен ғана емес, балаларым да болашақта қаражатсыз қалды. Сондықтан жаңа жұмыс іздеу керек", - деді Санчес. 


Головкин бапкерінен кеткен соң есімін өзгертіп тастады

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр