Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Менің анам мен үшін мінсіз. Айсәуле Бақытбек жан айқайын жеткізді

Кеше бүкіл әлем аналар күнін атап өтті. Әркім шама-шарқынша өзіне жарық дүние сыйлаған жанға құрмет көрсетіп, жасаған жақсылығы үшін алғыс айтуға асықты. Олардың ішінде отандық шоу-бизнес өкілдерінің балалары да бар, деп хабарлайды Stan.kz.

айса баян_10

Баян Есентаеваның тұңғыш қызы Айсәуле Бақытбек анасының ең ізгі қасиеттерін атап, оны қаралайтын жандарға жан айқайын жеткізді.

«Адамдар менің анамды жақсы көрмеуі, ол туралы түрлі жаман сөздер жазуы мүмкін. Алайда менің анаммен таныс емес адамдар ғана солай жасай алады. Әр адам анама менің көзіммен қарайтын болса, тәнті бола отырып есінен адасар еді. Әлемдегі ең мейірімді, көңілді, әркез өзінің қыздарын түсінуге тырысатын, ешқашан қартаймайтын Айару екеуміздің ең әдемі анамызды бүгінгі күнмен құттықтаймын. Анашым, тек бір нәрсе айтайын: сені шексіз жақсы көремін және күндердің күнінде сен сияқты болсам деп армандаймын. Екеуміздің бір-бірімізге соншалықты жақын болуымыз сенің арқаң. Сен әлемдегі ең мінсіз анасың әрі менің ең жақын досымсың. Мені қазіргі менің жасымнан екі-ақ жас үлкен кезіңде дүниеге әкеліпсің. Мені тәрбиелеудің қаншалықты киын болғанын елестете де алмаймын. Өйткені жақсы адам тәрбиелеп шығару бойынша ешқандай нұсқаулықтар жоқ. Алайда сен бұл міндетіңді ойдағыдай атқардың деп ойлаймын, себебі сенің де анаң ана емес, нағыз арман! Әр жұтқан жұтымым үшін өзіңе алғыс білдіремін. Қуанышқа толы өмірім үшін рахмет! Мама, сен маған және миллиондаған әйелдерге үлгісің», – деп жазды Айсәуле желідегі парақшасында.

Желі қолданушыларының басым бөлігі Айсәулені қолдады. Олар болған оқиғаларға қарамастан Айсәуленің анасына деген махаббатын, құрметін, шексіз ризашылығын ашық жеткізгені үшін тәнті болды.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева: Қыздарға секс жайында 15 жастан бастап айту керек

Ақын Баянға өлең арнады: Сен жалғыз әйел емессің, байының жеген таяғын

Әнші Ademi: Күйеуім «саған төсек қатынасын ұсынады» деп әнші болғанымды қаламады

Бейбіт Көшқалиев өзінің университеттегі ұстазына үйленгенін мойындады

Талқылау