Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мені ұмытып қалған жоқсың ба": Әйелімен ажырасқан Алмас Кішкенбаев жұрттың жүрегін елжіретті

Әйелімен ажырасқан Алмас Кішкенбаев қызы туралы жазып, жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Былтырғы жылы белгілі әнші Алмас Кішкенбаев әйелімен ажырасып, отбасы екі жаққа кеткен. Арада біраз уақыт өткеннен кейін өнер иесі қызының суретін жүктеп, сағынып жүргенін айтты. Көптен бері перзентін көрмеген әкенің көңілі алаңдаулы.

"Қошақаным, осылай үлкен болып өсіп қалдың ба?! Мен "Балапан, ұмытып қалған жоқсың ба?" дедім. Ал Зере "Жоқ ешқашан ұмытпаймын, біздің құпия ғой" деп жауап берді", - дейді Алмас Кішкенбаев.

Өнер иесінің бұл жазбасы жұрттың жүрегін елжіретті. Олар әншінің алаңын сейілтпек болып, жағымды пікірлер жазып, Кішкенбаевқа қолдау көрсетті.

"Алмас, сіз мықтысыз! Қандай қиындық болса да сынбаңыз, тауыңыз шағылмасын", "Сіздің жағдайыңызды түсінемін, қанжылайтын шығарсыз", "Мынаны оқып, бір жылап алдым", "Қыз бала әкесіне жақын болады ғой", - деп пікір білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алмас Кішкенбаев ажырасқанына қатысты пікір білдірген болатын.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр