Мені кешіріңіздерші: Олжас Сүлейменовтің немересінің өліміне айыпталушы өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады

Бүгін, 9 қарашада, Олжас Сүлейменовтің немересінің өліміне қатысты сот отырысы өтті. Сот барысында прокурор айыпталушыны 2 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Өз кезегінде Малика Мұхитова өзін бас бостандығынан айырмауды өтініп, марқұмның туыстарынан кешірім сұрады.

Мені кешіріңіздерші: Олжас Сүлейменовтің немересінің өліміне айыпталушы өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады

Сурет: Sputnik Қазақстан/Владислав Воднев

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сот отырысында Малика Мұхитова көз жасына тия алмай, марқұм Ескендір Сүлейменовтің туыстарынан, қалыңдығы мен достарынан кешірім сұрады. Сонымен қатар ол бұл екі отбасы үшін де қайғылы жағдай екенін айтты.

«Бұл туралы ешқашан ұмытпаймын. Өмір бойы мұнымен өмір сүремін. Енді ғана аяққа тұрып, табыс таба бастаған едім. Әкем келесі жылы зейнетке шығады. Өз ата-анама көмектескім кеп еді. Бұл жағдай біздің отбасыларымызды бір қиылыста тоғыстырды. Ескендердің отбасы мені кешіргенін қалаймын. Мен бұлай жасағым келмеген еді. Мені бас бостандығынан айырмауды сұраймын. Отбасымның шамасы жеткенше барлық жағынан көмек көрсетуге дайынбыз», – дейді Малика Мұхитова.

Сот отырысы кезінде марқұмның әкесі Сергей Хан да сөз сөйледі. Ол прокурордың сұрап отырған жазасымен келісетінін айтты.

«Менің ұлымның өлімімен аяқталған ЖКО-да сотталушының кінәлі екеніне күмәнім жоқ. Көлікті басқарған кезде жүргізуші Мұхитованың жолдағы жағдайды басқара алмағаны анық. Мұхитованың көзі нашар көретіні, яғни көз көруі -4,5 екеніне назар аударуды сұраймын. Өзім де көзілдірік тағамын және кемінде жарты жылда бір рет көзді тексертіп тұру керектігін білемін. Оның сөзінше, оның көзін тексертпегеніне бір жыл болған. Ескендір енді ғана өздігінен өмір сүріп, жұмыс істей бастаған еді. Прокурорды қолдауды өтінемін», – дейді марқұмның әкесі.

Сонымен қатар ол қайғылы жағдайға айыпталушының немқұрайлығы, алаңғасарлығы және бейқамдығы себеп болғанын айтты.

Ал Ескендірдің анасы Лейла Сүлейменова айыпталушы ұлын қағып кеткеннен кейін бірден жедел жәрдем шақырудың орнына әкесіне қоңырау шалғанын айтты.

«Біз көргеніміздей, ол бірінші болып жедел жәрдемге емес, әкесіне қоңырау шалды. Менің ұлым сол жерде жатты. Ал ол жанында жүрді. Оның бәрін видеодан көрдім. Болған оқиғада кездейсоқтыққа орын жоқ екеніне сенімдімін. Адам өліміне алып келетін жол-көлік оқиғасы – бұл қашанда қылмыс. Қанша жерден әдейі жасамағанын айтса да», – дейді Лейла Сүлейменова.

Сонымен қатар марқұмның анасы мемлекеттік айыптаушының сұраған жазасымен келісіп, соттан әділ шешім шығаруды сұрады.

«Біздің болашағымыз өліп жатқанда, ата-аналарға өз баласын жерлеуге тура келгенде, сотталушы қатаң жазаға тартылуы тиіс деп білемін», – дейді Сүлейменова.

Естеріңізге сала кетейік, 22 маусымда Астанадағы «Мәңгілік Ел» және Керей-Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол апаты орын алды. Жазатайым оқиға кезінде жас мотоциклист қаза болды. Кейіннен оның танымал жазушы Олжас Сүлейментің немересі Ескендір Сүлейменов болғаны белгілі болды. Ал оны көлігімен қағып кеткен Малика Мұхитова полиция полковнигінің қызы болып шықты.

Бұған дейін Олжас Сүлейменовтің немересін қағып өлтірген қыз марқұмның ата-анасынан кешірім сұраған еді. Ал оның қорғаушысы өтемақы төлеуге дайын екендерін айтқан. Мұнан кейін айыпталып жатқан Малика Мұхитовадан 14 миллион 753 мың теңге көлемінде материалдық шығынды өтеуі талап етілген еді. Артынша марқұмның анасы сот төрағасының талабы бойынша материалдық шығын өтемақысын сұрағандарын айтты.

Ал бүгінгі сот отырысында марқұмның ата-анасы материалдық шығыннан бас тартты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар