Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мен жолдастарымды ойлаймын: Қанат Бозымбаев өзінің орынбасарларының ұсталуына қатысты пікір білдірді

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ведомстводағы екі вице-министрдің құқық қорғау органдарымен ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Қанат Бозымбаев

Астанада халыққа есеп беру кездесуі барысында Бозымбаев әзірге өзінің орынбасарларының ұсталуына қатысты ештеңе айта алмайтынын айтты.

«Өкінішке қарай, пікір білдіре алмаймын. Өйткені тергеу шаралары жүріп жатыр. Әрине, мен жолдастарымды ойлаймын. Менің қандай да пікірім тергеу ісіне араласу және қысым көрсету ретінде түсіндірілуі ықтимал. Сондықтан да бұл мәселеге жария түрде мүлдем пікір білдіре алмаймын», – дейді Бозымбаев.

Сондай-ақ, министр аталған мәселеге қатысты ақпараттарды қорғаушылардан, тергеушілерден сұрауға кеңес берді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Бурабайдағы көлді тазарту жұмыстары кезінде жемқорлық жасады деген күдікпен, үй қамағына алынған болатын.

2 наурыз күні бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ҚР Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібековты екі айға қамау туралы  шешім шықты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау