Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мен үшін бәрі сый": Динара Сұлтанның жаңа клипі жұртқа ұнап қалды (видео)

Динара Сұлтанның жаңа туындысы жұрттың көңілінен шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің "Сый" атты әнге түсірілген бейнебаяны тыңдарман қауымға жол тартты. Бұл жайлы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, тыңдармандарының пікірін сұраған. Өміріндегі барлық жанды құдайдың берген сыйы деп ұғатын Динара Сұлтан әннің тарихын түсіндіріп берді. 

«Сый» атты туындының тұсау кесері! Мен үшін қасымдағы жандардың бәрі сый! Ата-анам, жан-жарым, балапандарым, тума-туыстарым және достарым мен үшін үлкен сый. Мың алғыс сіздерге! Жақсы көрем. Бағаңызды бере отырыңыз", - деп жазды Динара Сұлтан.

"Сый" атты бейнебаян жұрттың көңілінен шықты. Әншіге жағымды пікірлер жазып, ақ тілектер білдіргендердің қатары көп болды.

"Керемет дауыс", "Туынды әсерлі шығыпты", "Құтты болсын", "Сіздің ән айтқаныңыз ұнайды. Жаныңызды салып орындайсыз", - десті желідегі жұрт.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр