Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Мен сондай бақытсызбын». Өміріңізді бұзатын 10 сөз 

Бегілі болғандай, сөзбен жанды жаралауға да, тіпті өзгені емес, өзіңді де өлтіруге болады. Десе де кейбіріміз бір тіркесті ұдайы қайталау арқылы бұл әрекетті күн сайын, ай сайын, жыл сайын жалғасытырып келеміз. Қалай дейсіз ғой? Емтихан тапсыра алмасаңыз, бірден: «Мен ақымақпын!» – дейсіз. Азғантай салмақ қоссаңыз: «Мен сондай семізбін!» – деп ойбайға басасыз.

9d6b1f2f9e3122107203c731e70a629e

Бұл ретте сөздердің көңіл-күйіміз бен өмірімізге әсері турасында сөз қозғауды жөн көрдік.

Менде ғана бәрі нашар

Біз қандай да бір тіркесті айтқан кезде өз ахуалымызды көрсетеміз (семіз, бақтысыз, ақымақ және т.б.). Алайда сөзіңізді дұрыстасаңыз, белгілі бір әрекетке деген ынтаңызды да өзгертесіз. Яғни бақытсыз, семіз болып қала бермей, бәрін өз қолыңызға алып, өзгеру керектігін түсінесіз. Жайсыздық пен қиындықтан арылу үшін іштегі күш-жігеріңізді қайда бағыттау керектігін ұғына біліңіз. Және әрекетке көшіңіз!

«Елдің бәрінде барлығы ойдағыдай, менде ғана бәрі нашар» тіркесі кең таралған. Мұндай сөз арқылы адамдар үнемі қателесіп, жайсыз оқиғаға тап болуын құдды осылай болу керектей көрсетіп, өзін ақтауға тырысады. Бір жағынан, бәріміз де мінсіз емеспіз. Бірақ осылайша маңайымыздан  тек жаманшылықты ғана байқайтын өзіндік ақпараттық өріс қалыптастырамыз.

Одан да ішіңіздегіні басқаша жеткізуге тырысыңыз: қателеспейтін жан жоқ немесе бәріміз де мінсіз емеспіз, қателіктерден сабақ ала білу керек, олар бізді мықты ете түседі.

Айналамдағылардың бәрі оңбағандар

Үмітін ақтамағандықтан, адам маңайындағыларға ренжіген кезде аталмыш тіркесті қолданады. Кейде осы сынды сөздер өз жауапкершілігін өзгелермен бөліскісі келгенімен, сенімсіздігі себепті бөлісе алмайтын адамдар аузынан шығып жатады. Олар адамның тек өзіне ғана жақсылық жасау керектігіне сенеді.

Мұндай тіркес еш уақытта айналаңыздағылардың көмегіне жүгінуге болмайтынын, тек өзіңіе сену керектігін санаңызға шегелей түседі. Оны мына сөздерге ауыстырар едім: мені тек тамаша адамдар ғана қоршайды, оларға көп нәрсе үшін алғыс айтуым керек. Бәлкім, кейбіріміз бұл тіркесті мысқылмен айтқан болармыз. Алайда өз ақпараттық кеңістігіңізді қалыптастыру тұрғысынан алғанда, жоғарыдағы тіркестің баламасы өміріңізге оң өзгерістер әкелері анық.

Бақыттың да өтеуі бар

Бұл қағида балалық шағымыздың жұрнағы іспетті. Көпшілгімізді «бестікке, анаңның күлкісіне, жаңа жылдық сыйлыққа, тағысын тағы лайық болу керексің» деп тәрбиелегені рас. Бірақ бәрі керісінше бола алады. Мойындаңызшы, өмірге алғаш келгенде еш себепсіз-ақ махаббат пен қамқорлыққа бөленеміз. Бізді бар болғанымыз үшін жақсы көреді. Нәтижесінде дәл сондай жылу мен қамқорлықты, махаббатты өз балаларымызға сыйлаймыз. Не дегенмен өтеусіз бақыттың бар екенін білеміз.

«Бақыттың өтеуі бар» тіркесі борышкер сана-сезімін қалыптастырады. Мұндай адамға күнге де әр сәулесі үшін жеті есе артық қайтару керектей сезінеді. Дәл осындай адамдар «ешкім де ешкімге борышты емес, күн өздігінен нұрын төгеді, ал бақыт – жан әлеміңіздегі ахуал» деген қарапайым ақиқатты түсіну үшін жаттығулар мен дәрістерге қомақты қаражат жұмсайды.

Әр нәрсеге деген жауапкершіліктің бар екені рас. Бірақ біз барлығының да өтеуін төлеуге міндетті емеспіз. Қарапайым заттарды бағалап, қуанышты сезіне білудің өзі бақытты құрайды. Естеріңізге сала кетсем, денсаулық та әуелде тегін беріледі және барында қадірін біле бермейміз.

Бұл жағымсыз пікірдің баламасы – қолымда бары үшін шүкіршілік етемін!

Шамам таусылып барады

Әрине, мұндай тіркесті қатты шаршаған адамдар қолданады. Егер оны үнемі қайталай берер болсаңыз, миыңыз бен организміңіз күш-қайратыңызды таусылып бара жатқанына тиісінше жауап береді. Шындығына келер болсақ, жай-күйіңізді өзгерту үшін өміріңізге өзгеріс енгізгеніңіз абзал.

Мына тіркесті қолданыңыз: маған демалу қажет.

Мен сондай ақымақпын

Өзіңізге кею арқылы өзіңізді ақтап алып, өзгелерге қателесуге құқыңыз бар екенін дәлелдегіңіз келеді. Сөзсіз, мұндай сөздер өзіңізден жауапкершілікті алуға көмектеседі. Алайда мұнымен қатар айналаңыздағыларды өзін-өзі құрметтемеуге үйретесіз.

Әрине, ертелі-кеш ең қолайсыз уақытта өзіңіз бағытталған «Сен ақымақ емессің бе» деген сөзі еститін де күн туады.

Бұл сөздерді ұсынылған тіркеспен алмастырыңыз: менің қателіктерім мені жаман етпейді, бастысы – оларды дер кезінде байқай білу (түзету, қайталамау).

Мен семізбін (әдемі емеспін)

Көбіне бұл тіркестің адамның шынайы салмағымен байланысы жоқ. Семіз адамдар арасында аталған тіркесті қолданудың жөнсіз екенін ескерте кеткеніміз жөн.

Әрине, әйелдер (еркектер) осылайша «Сен семіз емессің» деген керісінше жауап естігісі келеді. Оған қоса мұндай сөздер сырт келбетіңізге қанағаттанбайтыныңызды білдіреді. Шамасы бойыңызда өзіңізді бағалау тұрғысында қиындықтар бар. Сондықтан қашан да бәрі жақсы екенін қуаттайтын пікірлерге мұқтажсыз. Бұл тіркес үнемі айналаңыздағылардың құптауын қалайтыныңызды аңдатады. Ең дұрысы, «денімнің сау болғанына шүкір» тіркесін қолданыңыз.

Біз қарапайым адамбыз, көктегі жұлдызға ұмтылмаймыз

Бұл тіркес арқылы адамдар өздері де ұялатын қарабайыр тірлігін ақтап алуға тырысады не оларды әлдекім ұялтқысы келеді. Әрине, аталған тіркестің көмегімен сана-сезіміңізді өміріңіздің мұнан кейін де осы қалпында жалғасатынына, өзгермейтініне бағдарламалайсыз. Мұндай жағдай орын алғанда, қашан да болмасын сөз бақуаттылық жөнінде қозғалады.

Жоғарыдағы сөздердің табиғатын түсіне білу өте маңызды. Әлдекімдер, шындығында да, гаухар тастарсыз, қымбат ішіксіз, керемет көліксіз қарапайым өмірге қанағаттанады. Ал кей адамдар бай-бақуатты тіршілік етпегені үшін ұялатынын өзінен де жасыруға тырысады.

Өзіңізіге мына тіркесті айтып көріңіз: мен өзіме қалай ыңғайлы болса, солай өмір сүремін! Нендей күйдесіз? Шынымен де сізге ыңғайлы, жайлы ма? Әлде өмір сүру деңгейіңіз үшін ұяласыз ба? Егер бәрі жайлы болса, алаңдаудың қажеті жоқ. Ал керісінше болса, бәрін өзгертіңіз, еңбектеніңіз, жақсартыңыз!

Мен өмір бойы отбасымды алға тартып келемін

Қарапайым тілге аударғанда: «мен айналамағылардың бәрі маған бағынышты болғаны үшін мақтанамын! Менсіз бәрінің де ештеңеге қауқарсыз екендігі маған ұнайды», – деген мағынаға саяды. Нәтижесінде жаныңыздағы адамдардың бәрі мойынындағы жүктен арылып, ештеңеге жауап бергісі келмейді. Бұл жақсы емес. Ақыр соңында өзіңіз шаршап, қажығаныңызбен,  тәкаппарлығыңыз себепті сыр бермеуге тырысасыз.

Мұндай жағдайда айтылуы керек сөз: маған бәрі көмек қолын созады. Егер бұл тіркесті үнемі қайталар болсаңыз, жағдайға деген қарым-қатынасыңызды өзгертіп, төңірегіңіздегілердің қабілетсіздігін бағалай аласыз. Яғни қолдарына қасық ұстатып, өз асын өзі шайнауына мүмкіндік бересіз.

Мен әлі күнге дейін күйеуімнің мойнында отырмын

Азап-бейнетпен жасырылған мақтаныш. Бұл тіркестің көмегімен күйеуіміздің керемет азамат екенін, жолыңыз болғандығын, қандай тамаша жағдайда өмір сүріп жатқаныңызды көрсеткіңіз келеді. Әйтпесе жұмыс істеуіңізге не кедергі?

Мұндай сөздер – әрекетсіздігіміз бен оның жалғаса беретінінің сылтауы. Айтарлықтай жаман ештеңе жоқ сияқты. Бірақ өмірде бәрі де болатыны естеріңізге сала кету керек. Күйеуіңіз кедейленіпі, өзге әйелге кетуі де мүмкін. Мұндай жағдайда өзіңзді-өзіңіз алып жүре алатындай халде болуыңыз керек. Тіпті, жоғарыдағы сөзді айтқан күннің өзінде, санаңызда «мен кез-келген жағдайдан шыға аламын» деген ой тұрғаны жөн. Сонымен бірге ол өзіңізді ойлап, әрекетке көшуіңізге ықпал етеді.

Мен сондай бақытсызбын

Әрине, бұл тіркестің көмегімен адамдар тағдырына налиды. Алайда сіздің бақытсыз күйіңізді қолдап, ақтай түседі. Нәтижесінде ол сіз үшін қалыпты күйге айналады. Бірақ сіздің мақсатыңыз бақытсыздығыңызға кәміл сену емес. Жылап-сықтауды доғарып, бәрін өзгертуге талпыныңыз. Аталған тіркестің орнына «Мен бақытты болғым келеді!» тіркесін қолданыңыз.

Талқылау