Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас пен Әли Оқапов өз жұмысына деген сүйіспеншілігі жайлы айтып берді (видео)

Қазнетте “өз ісімді сүйемін” атты жаңа эстафета пайда болды. Бұл жаңа акцияға мұғалімдер, журналистер, тележүргізушілер және эстрада жұлдыздары қатысқан. 13981528203335

Бір-бірлеріне жолданатын эстафета барысында, әр адам тек табыс тұрғысынан ғана емес, өз уақытын ерекше сүйіспеншілікпен арнайтын мамандығына деген махаббаты туралы айтады.

Акцияның басты мақсаты – қоғамда әр мамандықтың орны және өзіндік ерекшелігі бар екеніне жұртшылықтың назарын аудару. Флешмобты қазірдің өзінде Қайрат Нұртас, Әли Оқапов, мүсінші Х.Абаев, тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы сынды танымал адамдар қолдаған.

Сіз де өзіңіз туралы 15 секундтық бейнежазбаға сыйдырып айтып, #любисвоедело хештегі арқылы жолдасаңыз болады.

Талқылау