“Мен ояндым”: Сара Амангелдіге күрделі операция жасалды

КешYou тобының экс-әншісі Сара Амангелді жанкүйерлерін алаңдатып қойды. Күні кеше бойжеткен операцияға кіріп баратынын, одан оянса хабар беретінін айтқан еді. Өнер иесі елдің аянышын оятқысы келмейтінін, сол себепті не болғанын айта алмайтынын жеткізді, деп жазады Stan.kz.

"Мен ояндым": Сара Амангелдіге күрделі операция жасалды

“Кішкене қобалжып тұрмын. Операция жасатамын, пластика емес. Иншалла, барлығы жақсы болар. Елдің аянышын туғызғым келмейді. Бірақ толық айта алмаймын. Туған күніме 10 күн қалғанда осындай жағдайға екінші жыл қатарынан тап болып отырмын. Ештеңе етпес, ерекше қызбын ғой. Оянған соң, хабарын беремін”, – деп бөлісті Сара желідегі парақшасында.

Көпшілік бойжеткеннің денсаулығына алаңдап қалды. Сараның қал-жағдайын сұрап, хат жазғандардың қатарында, тіпті онымен бірге балабақшаға барғандар да бар.

“Сәлем, әлем. Мен ояндым, барлықтарыңызға көрсеткен қолдауларыңыз үшін рақмет. Бұл отаға дейінгі сурет, кейінгісін көрсеткім келмейді. Бұл хикаядан тек пайда таптым. Тіпті, балабақшаға бірге барған достарым хат жазды. Алғысым шексіз. Ауырмаңыздар, өздеріңізге сақ болыңыздар. Кейбір доссымақтарды да есте сақтап қалдым”, – дейді Амангелді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар