Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында дәрігер ауру баланы өзге ұлт өкілі болғаны үшін қараудан бас тартты

Қостанай облысына қарасты Арқалы тұрғыны балалар дәрігерінің әрекетін видеоға түсіріп жариялап жіберді.

Тұрғынның айтуынша, оқиға Арқалық қаласында болған. Қаладағы лор-дәрігер Өтебаева Мөлдір Жұмағалиева науқас орыстілді болғандықтан баласы екеуін қабылдамаған.

“Ол менің 4 жасар баламды қараған жоқ. Оған біздің ұлтымыз себеп екен. Мұны өзі бетімізге айтты. Видеоны барынша бөлісіңіздерші”, – дейді автор.

Видеода дәрігердің “Мен қазақпын, қазақша сөйле” дегені анық естіледі. Ол камераны өшіруін сұрап, кабинеттен шығып кетті.

“Мен сізге артық ешнәрсе айтқан жоқпын”, – дейді видеоға түсіруші.

Желі қолданушылары дәрігердің әрекеті заңсыз екенін айтып дауласты. Қолдау білдіргендер де табылды.

Қалалық емхананың меңгерушісі балалар лорының кабинетіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

«Әзірге дауды кімнің бастағанын айту қиын. Дәрігер Өтебаева мен пациенттің сөзі екі түрлі. Тескеріс аяқталғаннан кейін нақты тұжырым жасап, содан кейін ғана ақпарат бере аламыз», – дейді меңгеруші.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау