Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мен онымен күресуім керек: Америкалық боксшы Головкиннің әлсіз тұсын атады

Америкалық боксшы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) әлеуетті күресі туралы түсініктеме берді.

Мен онымен күресуім керек: Америкалық боксшы Головкиннің әлсіз тұсын атады

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Жоғары деңгейдегі спортшымен күрескенде әр жекпе-жектің жоспары әр түрлі болады. Бұл кезде ешкім ештеңе істей алмайды. Яғни, түзетулер, өзгерістер жасау керек. Шайқас кезінде Головкин күшейе түскендей көрінді. Бірақ, оның шынымен де айқасты баяу бастайтынын байқадым. Алғашында ол бірінші соққы алғанда өте осал. Мен айқас бастала сала соққы беруге кірісемін. Мұндай күреске дайын болғандықтан мен көбірек аламын»,- деді Чарло.

Боксшының сөзіне қарағанда, ол ақылды тактиканы ұстанудан гөрі, тоқтамай соққы беруге дайын.

«Кейбір жекпе-жекте Головкиннің тактикамен әрекет еткенін көрген жоқпын. Ол «Канело» -ға қарсы тактикалық түрде әрекет етті. Тек жеңіліп бара жатқанын түсінгеннен кейін абыржып қалды. Сондықтан бұл айқаста екеуі де тең түсті. Жанкүйерлер де, мен де әйтеуір бір тамаша күні біздің арамызда жекпе-жек өтеді деп сенемін. Америка үшін, бәрі үшін онымен жекпе-жекке шығуға тиістімін. Өзімді мықтылардың бірімін деп санауым үшін Головкинмен айқасуым керек!»,-дейді америкалық бокшы Джермалл Чарло.

Оқи отырыңыз:

«Канелоның» командасы Головкиннің талабына жауап берді

Қазақстанда UEFA Суперкубогы өтуі мүмкін 

Головкин мен Мартиросянның жекпе-жегі рекорд орнатты

Илья Ильин: Менің ереже бұзбай жеңгенімді қарсыластарым да біледі

Талқылау