Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мен өлтірген жоқпын: Ресей азаматы қостанайлық қыздың өлімі үшін 19 жылға сотталды

Қостанай облысында 46 жастағы Павл Чеховке қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы 19 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ер адам 11 жастағы қыздың өліміне кінәлі деп танылды, деп жазады Алау.

Алайда айыпталушы бұл айыппен келіскен жоқ.

“Мен өлтірген жоқпын. Бұл айыппен келіспеймін. Шағым түсіремін”, – деді Павел Чехов.

Айта кетейік, 21 мамыр күні 11 жастағы қыздың денесі “Восток” ауылынан табылды. Айыпталушын сол түні қыздың денесін айдалаға апарып тастаған. Полицейлерді алдамақ Айыпталушы болып, қыздың аяқ киімінің сыңарын ауылдың шетіне тастап кеткен. Өзі үйіне келіп ұйықтап қалған. Үйге келгенде қыз жоқ болды деп жауап берген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау