Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мен өлі адамдай күйде болдым: Жібек Мусинова зорлау ісі жайлы ашық айтты

25 қараша – Халықаралық әйелдер зорлығымен күресу күні. Осыған қатысты Астанада Есік қаласында бір топ жігіттің зорлығына  түсті деп ісі қаралып жатқан Жібек Мусиновамен кездесу өтті.

1094570

Фото: Айсұлу Жұмағұлова

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Зорлыққа түскен Жібек Мусинова 13-нен 14 тамызға қараған түні ең ауыр күн болғанын айтады.

«Біз неге ашық күресіп жатырмыз? Мен неге барлығын ашық көресітп жатырмын? Мен олардың жауапкершіліктен құтылып кететінінен қорықтым. Қыздардың әдетте осындай жағдайды неге жасырып қалатынын түсініп жатырмын. Оларға түсіністік танытпайды, өздерін кінәлі қылып қояды. Өзі дұрыс киінбеген, дұрыс уақытта жүрмеген деп дүрсе қояды», – дейді ол.

Мусинова сонымен қатар осы істен соң туыстарының оған үлкен демеу болғанын алға тартты.

«Отбасымызда бірнәрсені ұят болады екен деп, мәселен, ашық киіндің, ұят болады деген жоқ. Бәрін ашық айтамыз. «Ұят» деген сөзден қорықпаймыз», – дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін бір топ жігіт жабыла зорлаған қыз алғаш рет бейнесұхбат бергенін, куәгердің айтуынша, топ болып қыз зорлағандардың бірі ірі шенеуніктің күйеу баласы болуы мүмкін екенін хабарлаған едік. Ол өзіне төніп жатқан қауіпті айтып желі арқылы мұңын шақты.

Мусинова ауыр оқиғадан соң өзіне қолдау білдірген жақындарына алғыс айтады. Олардың айтарлықтай демеу болғанын жеткізді. Өзге ата-аналарға осындай жағдай болғанда жасырмай ашық айту керегін, қолдау білдіруін сұрады.

Мусинованың адвокаты да көз жасына ерік берді. Оның айтуынша, зорлаушылар әдетте қыздар зорлық жайлы айтпай жасырып қалады деп ойлайды.

«Зорланған әйел мен оның алдында 10 зорлаған адам тұрса және олардың ата-аналары тұрса, жәбірленуші бәрін ашық айта алмайды. Ол не ойларын білмей тұрады. Видеоны көрсеткенде, Жібек өз өзіне келе алмай тұрды», – дейді адвокат Айман Омарова.

«Мусина ешкімді де кешірмейді. Ол бәріне өзін мазақ қылу үшін жар салған жоқ. Біз қылмыскерлерден қатаң жаза алуын сұраймыз», – дейді заңгер.

Заңгер көп жағдайда өзіне келіп, ақша ұсынып, кешірім етуін сұрап жататынын, бастапқыда арыз жазып алып, кейін кешірім беруін сұрап жататындардың барын айтты.

Омарова зорланған жағдайда уақыт өткізбей полицейлерге хабарласуы керегін, уақыт өткен жағдайды қылмыскерлер керекті айғақтарды өшіріп не жоғалтып жіберуі мүкін екенін айтады. Ондай жағдайда түнде кезекшілік ететін прокурорларға хабарлау керегін ескертеді.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев Астана атауын өзгерту туралы пікірін айтты

Атырау облысында ауруханаға жатқызбай қойған екіқабат келіншек көз жұмды

Теңге бір тәулік ішінде ең жоғарғы шекке дейін қымбаттап кетті

Аязда адамдарды тегін тасыған атыраулық ерікті жоғалып кеткен әйелді құтқарып қалды

Талқылау