“Мен көтере алмас едім”: Бүркіт Астанада өртке оранған 5 қыз жайлы

Астанадағы жер үйлердің бірінде тірідей өртеніп кеткен 5 қыздың оқиғасына қатысты отандық танымалдар да пікір білдіруде. Олар әлеуметтік желіде марқұм балалардың ата-анасына көңіл айтып, оларға көмек қолын созуға шақыруда, деп жазады Stan.kz.

"Мен көтере алмас едім": Бүркіт Астанада өртке оранған 5 қыз жайлы
Әнші Бүркіт бұл жаңалықты шетелде жүріп естіген. Қазіргі таңда Индонезияның Бали аралында демалып жатқан әнші күллі қазақ елінің қабырғасын қайыстырған жаңалықты естігенде өзін қоярға орын таппаған.
“Періштелер. Қазір бұл балалардың ата-анасы не сезіп отыр, білмеймін. Өйткені білмеймін. Тек бұл олар үшін трагедия екенін білемін. Бір уақытта барлық періштелерінен айырылу деген… Күлкі болды. Бақыт болды. Махаббат болды. Осы балалармен ата-анасы күйбең тіршіліктің қиындығын уақытша болса да ұмытты. Олар ендігі өмір сүргісі келмейтін шығар. Мұнда қалғылары келмейтін шығар.

Білмеймін, Құдай басқа салмасын, мен көтере алмас едім. Бұл балалардың ата-аналарына не айтарымды да білмеймін. Жай ғана “қайғыңызға ортақпын” дейін бе? Жоқ, бұл аздық етеді. Олар үшін жүрегім ауырып отыр. Осыны жазып, көзіме жас келіп отыр. Осыны жазып отырғанымда кішкентай қызым жаныма еңбектеп келіп, қазір мені иіскелеп отыр. Ал мен оған қарап жымиып, сүйдім. Аллаһ бұл сынақты көтеруге төзім берсін. Өте ауыр, олар үшін жаным ауырып отыр”, – дейді Бүркіт.

Әнші Бағлан Әбдірайымов болса қайғыдан қан жұтып отырған отбасыға көмек беруге шақырды.

“Қазақ елі! Қайғыларыңызға ортақпын. “Тас түскен жеріне ауыр” – дейді… Ата – анасының жағдайын, алдағы өмірін елестете алмай отырмын. Алла, сабыр бере көр! Мақұл, біздің өкімет үй берер, басқа да жағдай жасар… Бірақ, енді кімге керек? Алладан сұрарым, елімізде енді мұндай қайғылы жағдай болмаса екен. Достар, парақшамның келесі бетінде періштелердің анасының құжаты бар. Алла разылығы үшін қол ұшын созып, азда болса жәрдем берейік. Ештеңе өзгертпес. Дегенімен көңіл ғой. Қолдан келері осы”, – деді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Қайда жүр деп ата-анамды сөкпеңіз, Қар үстінде тамақ іздеп кеткен із. Жер бетінен жайлы орын таба алмай, Түн ортасы ұшып кеттік көкке біз! Уақыт боп, айырылдық жас жаннан, Өміріміз тар бөлмеде басталған. Барлық бала бақытты өмір сүрсінші, Біз оларды бақылаймыз, аспаннан! Қастарыңда болсын дайым анаңыз, Әкетайың болсын дайым панаңыз, Бұл өмірден пәтер көрмей кетсек те, Ұжымақта зәулім сарай саламыз! Енді аяздан ешбір сәби тоңбасын, Жауқазын гүл ашпай жатып солмасын, Ұрпағыңның жарық болып маңдайы, Отанымда еш жамандық болмасын!!! Kenshilik Tyshkhanuly Ұйықтай алар емеспін. Я, АЛЛА тағала! Періштелерді ата-аналарына шапағатшы қыла гөр. Қара жамылған отбасына орнын толтыратын оншақты ұлдар мен моншақты қыздар бере гөр. Енді еш пенденің басына ауыр сынақ бере көрме. Өзің разы болатын амалдарымызды көбейе гөр.

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды. Олардың ең кішісі – небәрі 3 айлық. Түнде олар тірідей өртеніп кеткен кезде, ата-анасы жұмыста болған.

Бүгін марқұмдардың денесі жер қойнына тапсырылды. Жерлеу рәсімен жүздеген адам жиналды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр