Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ұят ештеңесі жоқ": Лағман созған Қуандық Шәкіржанов жұртты сүйсіндірді (видео)

Лағманның қамырын созып, тамақ жасаған актер Қуандық Шәкіржанов жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Alt

Қуандық Шәкіржанов әлеуметтік желідегі парақшасына лағман созып жатқан бейнежазбасын жүктеп жұртты таңқалдырды. Өнер иесінің ептілігіне қарағанда тамақ жасау оған таңсық іс емес сыңайлы. 

"Кім лағман дайындай алады?" - деп актер оқырмандарына сұрау тастады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кім лағманды дайындай алады ?

Публикация от Куандык Шакиржанов (@kuandykshakirzhanov)

Мұны көрген желідегі қыз-келіншектер Қуаныш Шәкіржановтың тамақ істей алатын өнеріне сүйсініп, тіпті бұл қырына ерекше баға беріп жатты. Одан бөлек, лағман соза алатын жігіттер қауымы да табыла кетті.

"Лағман Жаркентте көп жасалады. Мен де созамын, ұят ештеңесі жоқ", "Сізді тек актер ма десем", "Жаркенттің жігіті екені көрініп тұр, ептілігін айтсаңызшы", "Жіңішке етіп жақсы созыпсыз", "Шеберлігіңізге сөз жоқ екен", - деп жарыса жазды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр