Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мен де анамын: Айдана Меденова қайырымдылық жасағаны үшін сынағандарға жауап берді

Күні кеше ғана Кореяға барған сапарында Әлима есімді қазақстандық қыздың еміне қаржылай қолдау көрсетіп, 1 миллион теңге аударғанын айтқан Айдана Меденова сынға ілікті. Жүрегі жабырқау жандарға қайырымдылық көрсеткен әншінің қылығын ғаламтор қолданушылары дұрыс қабылдамай жатса керек.

айдана меденова

Stan.kz ақпараттық агентігінің тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Айдана, көпшілікке түсіндіруді жөн көрді.

«Инстаграмда жағымсыз пікірлер жазып жатыр. Неге осы балаға барлығы сонша көңіл аударып кетті. Бұл қыз сонда біреудің туысқаны ма дегендей. Сынап, неше түрлі сөздер айтып жатыр. Олай емес, әрине. Күнделікті бізге жазып, көмек сұрап жатады. Енді біз барлық адамға көмектесе алмаймыз ғой. Дәл осы қызға көңілімнің ауғанын өзімде білмеймін. Ораза айында сәті түсті. Кеше ғана бір миллион теңгені аудардық», – дейді Меденова.

Айдана мен ұйымдастырушылар 1 миллион теңгені жеті күннің ішінде жинаған. Бастапқыда бүлдіршіннің денсаулығын инстаграм парақшасы арқылы бақылып отырыпты.

«Кореяда қазақстандық Әлима деген қыз жатыр. Ол қыздың қазіргі жағдайы өте жаман. Ол қыздың жағдайын инстаграм желі арқылы қарап отырдым. Өте көп қаражат керек болып жатыр. Аурухана сол Сеулдің дәл ортасында орналасқан. Бірінші күндері баруға менің қолым тимеді. Өзімде ана болғаннан кейін, сол ананы өте қатты түсінемін. Білмеймін неге екенін, осы қызға көңілім ауып қалды. Ол қыздың және оның анасының парақшасына жазылып, қарап отырдым», – дейді Айдана.

Бір жарым жасар Әлима Көпейге көмек қолын созған әнші, Сеулде сырқат сәбимен және оның ет-жақындарымен бетпе-бет кездесіпті. Өнер иесі таяуда ғана Кореяға іс-сапармен барып қайтқан еді.

«Шынымды айтсам ол жерге мен Айдана Меденовамын деп барған жоқпын. Жай ғана қал-жайдайларын білейін деп бардым. Ол жерде мені олар танып та жатқан жоқ. Олардың ойы мүлдем басқа нәрседе. Оларға кім келсе де бәрібір. Мен ол кісілерді түсінемін. Алғашқыда баруа жүрексіндім. Өйткені, Құдай сақтасын, мен де сондай жағдайға тап болсам, басқа адамдардың келгенін қаламас едім. Өзімнің сыйлығымды табыстадым. Қатты қуанып қалды. Оларға қазір қолдау өте қажет», – дейді Әлима Көпейді көзбен көріп қайтқан әнші.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау