Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бәрібір жеңдім деп ойлаймын": Дания Еспаева Еxit-poll қорытындысы туралы

Дания Еспаева Еxit-poll қорытындысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

"Мен қалай болғанда да бұл алдын ала нәтижелер деп ойлаймын. Десе де мен қанағаттанамын. Себебі, қорытындының қандай болғанына қарамастан, мен бәрібір де жеңіске жеттім. Біз стереотипті бұздық. Әйел адамның саясат Олимпіне шығып, осылай сайлауда үшінші орын алып отырғанының өзі жеңіс. Сол себепті мен мұны жеңіс ретінде қабылдаймын", - деді Дания Еспаева. 

Ол, сондай-ақ, бұл қорытындының қаншалықты әділ екеніне қатысты қойылған сұраққа жауап берді. 

"Мен - заңға бағынатын адаммын. Сол себепті әрдайым барлығы заң жүзінде жүзеге асуы керек деген пікірде болдым. Яғни бұл қорытындыны дәл қазір жоққа шығара алмаймын. Біздің партия бақылаушылары кішігірім заң бұзушылықтардың болғанын айтып жатты. Біз көріп отырған нәтижеге қол жеткізу үшін кішкене заң бұзушылық жетпейді. Ашығын айтатын болсам, кемінде екінші орын аламын деп үміттендім", - деп қосты Дания Еспаева. 

Сондай-ақ, ол осы сайлаудың арқасында мықтырақ, сауаттырақ бола түскенін айтты.

"Расымен де, бұл сайлау мен үшін үлкен мектеп секілді болды. Өңірлерге шыққан кезде депутат ретінде жұмысқа көптеген материал жинақтадым. Бұл материалдарды депутаттық жұмыста міндетті түрде қолданатын боламын", - деді кандидат. 

Естеріңізге сала кетсек, Еxit poll қорытындысы бойынша, Дания Еспаева 5,32% дауыс жинады. Ал бірінші және екінші орын Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әміржан Қосановқа тиесілі. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр