Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мен әлемді қазақша жақсы көрем: Қайрат Нұртастың тағы бір бейнебаяны шығады (видео)

Қайрат Нұртастың енді жаңа образда, жаңа әнмен шықпақ. Желіде әннің үзіндісі жарияланды.

Желіде Қайрат Нұртастың ерекше образда ән айтып тұрғаны сәті жарияланды. Бұл сәтті әншінің өзі де, продюсері де парақшасына жүктеді.

“Мен әлемді қазақша жақсы көремін”. Бейнеклип. Алла бұйыртса, өзгеше дүние болатын сияқты. Сәтін салсын!”, – дп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Кадрдан Қайрат Нұртастың әніне түрлі ұлттың көйлегін киген қыздардың билегенін көруге болады. Оларды қарапайым тыңдаушы халық тамашалап, камераға түсіріп жатыр.

Желі қолданушыларының бірі мұны бейнебаянның түсірілімі деп болжаса, енді бірі Қайратты жай ғана салтанатты шарада ән айтып тұр деп топшылады.

“Бір ауылдағы той секілді, жан жағында қарапайым халық жүр”, “Бейнебаянның түсірілімі шығар, стилін ерекше жасаған”, деп жазды желідегілер.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы барлық жаңалықты t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау