Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттің тұрғын үй бағдарламасына жауапты шенеуніктер банктердің неліктен ипотека бергісі келмейтінін айтты

Еліміздің екінші деңгейлі банктері «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» сынды халыққа арналған әлеуметтік бағдарламаларға қызықпай отыр,-деп жазды КТК арнасы.

Коммерциялық ұйымдарды кешенді жұмысқа араласуға үкімет те көндіре алмайтын сынды. Бұл мәселе  бүгін  мәжілісте көтерілді.

Екінші деңгейлі банктер неліктен  мемлекеттік бағдарламаларға  қатысуға құлықсыз?

Мәселе мынада. Бүгінге дейін клиенттен еселеп ақша қырқып, оңай олжаға тойынған коммерциялық ұйымдарға “Банк қызметі туралы заңға өзгерістер енгеннен кейін ипотека қызық болмай қалған.

“Нұрлы жол” мен “Нұрлы жерге” жауапты Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек те осы мәселені үкіметте көтеріп, премьерден көмек сұраған еді. Әзірге баспанаға мұқтаж халыққа Тұрғын үй құрылыс жинақтаушы банкі ғана 5 пайызымен, қол ұшын созып тұр.

«Ипотека бойынша төлем 6 айдан астам мерзімге кешіктірілсе банктер негізгі қарызға үстеме қоса алмайды. Бұл бірінші себеп. Екіншіден, пәтер қарыз алушының жалғыз үйі болғандықтан банктер оны сотпен де тартып ала алмайды.

Үшінші қиындық, бұл әрине банктер үшін деп түсініңіздер, борыш  өтеу тәртібі өзгерді. Бірінші негізгі қарыз өтеледі, сосын барып пайыздарын жабады. Осы себепті банктерге ипотека беру тиімсіз боп тұр»,-дейді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Качаков.

Жекеменшік банктерге мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін арнайы ақша бөлінеді ғой? Халыққа берсе де ол өз ақшасы емес қой?

«Иә, дұрыс айтасыз. Үкімет аталған екі бағдарлама бойынша банктерге ақша береді, бірақ пайыздық үстемесін 10 пайыздан асыртқызбайды. Ал асап үйренген банк 10 пайызды менсінбейді. Әлеуметтік жауапкершілік, қара халық қамы дегендер ақшаға келгенде ойнамай қалса керек»,-дейді  Мәжіліс депутаты Майра айсина.

-Олардың ойлары басқаша. Олар үстемақыны өсіре бергенді қалайды. Сондықтан азаматтар алған қаражатты екі есе, үш есе төлеулері керек. Банктер де халыққа жұмыс істеуі керек. Мемлекет оларға көмектесіп жатса, олар неге мемлекетке жұмыс істемеу керек?

Мәжілісменнің мемлекеттік көмек дегені, екінші деңгейлі банктерді сауықтыруға Ұлттық қордан бөлінген 2 трлн теңге. Мемлекеттің ақшасы н алғанымен әлеуметтік бағдарламаларға қатысуға құлықсыз.

-Енді қомағай қаржы ұйымдарына қандай шара қолданылмақ?

Негізі ашса алақанында, жұмса жұдырығында тұрған банктерді үкімет күштеп болса да жұмысқа араласуға көндіруіне болар еді. Бірақ ондай нық қадамдар әлі жасалмай тұр.

Ол аздай Инвестициялар және даму министрлігі мемлекеттік бағдарламаларды тоқтатпау үшін Үкіметтен Қазақстан ипотекалық компаниясын тағы сол банктерге 50 млрд теңге бөлдіртуді сұрайды. Шенділердің пікірінше, сондай ғана банктер тәуекелден қорықпай қаржы тарата бастайды. Бірақ бұл әзірге ұсыныс қана.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар 300 тісі бар ерекше акуланы қолға түсірді (фото)

Қытайда ер адам бөгдепланеталықтарды көргенін айтып жұртты сендірді (фото)

Замбия саябағында піл селфи жасамақ болған екі туристі таптап кетті

Сырт келбетіңіздің заманауи сәнге сай келмейтінін білдіретін 13 белгі

Талқылау