Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтер 2018 жылға дейін «Азаматтарға арналған үкімет» қарамағына өтеді

«Мемлекет қызметтер 2017 жылдың соңына дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қарамағына өтуі тиіс»,- деді елбасы «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында.

9624179

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлайды.

«Азаматтарға арналған үкімет» құрылады. Бұл жаңа құрылым бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» мен «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» бірігетін болады. Азаматтар бір ғана қызмет орнына жүгінеді. Аталған мемлекеттік қызмет орындары 2017 жылдың соңына дейін барлық қызмет түрлерін «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына ауыстыруы керек.

Айта кетейік, осы қызмет түрі арқылы әкімшілік кедергілер мен кейбір қажетсіз құжаттарды толтыру жұмыстары қысқартылады.

«Мемлекеттік қызметті Үкімет тарапынан құрылған арнайы қоғамдық кеңес тексеретін болады. Екіншіден, мемлекеттік басқарудың барлық жүйесі қандай да бір нәтижеге қол жеткізу үшін бағытталған. Ол үшін жыл сайын, мақсаттық көрсеткіш нәтижесі талап етіледі. Министрлер, әкімдер, барлық мемлекеттік қызметкерлер басшылық мақұлдаған жеке жоспармен жұмыс істейтін болады», – делінген хабарламада.

Талқылау