Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметкерлер жеңілдікпен баспана алады

Еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің баспана алуына жеңілдіктер қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Қазақпарат.

“Қазіргі уақытта агенттік Президент әкімшілігінің қолдауымен мемлекеттік қызметшілерге баспана алуда, зейнетақы тағайындауда, балабақшадан орын алуда және өңірлердегі сауықтыруға жағдай жасау үшін жеңілдіктер беру шараларын әзірлеп жатыр. Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы, “7-20-25″ бағдарламасы бар. Дегенмен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесіп, пайыздық мөлшерлемені төмендетуге бағытталған «5-5-25» бағдарламасы жасалуда. Менің ойымша, бұл тәсілдер мемлекеттік қызмет үшін қолайлы болады”, – деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Астанада мемлекеттік қызметті жетілдіруге арналған халықаралық конференцияда.

Алик Шпекбаев бұған дейін 2019 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өсетінін және жаңа жүйемен төленетінін мәлімдеген еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау