Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметкерлер жасырын түрде жүргізілетін анкеталық сұрақтарға жауап беретін болды

Анкеталық сауалдар мына жобада: «Өз жұмысыңызды қалай бағалайсыз? Сізге ұнай ма? Жаныңыздағы ұжымдастарыңызбен бірге жұмыс істегенді қалайсыз ба?»

9385800

Бұл туралы newskaz.ru хабарлайды

Сондай-ақ, сауалнама толтырушы өзге әріптестерінен бөле-жара құрмет тұтатын адамын да жаза алады.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік мемлекеттік қызмет істейтін тұлғалар арасында сауалнама жүргізіп, олардың пікірлерін білуге ниетті деп хабарлайды аталған ведомстваның вице-министрі Айгүл Шаимова.

«Анонимды түрде жүргізілетін бұл анкета арқылы ұжымның моралдық-психологиялық ахуалын байқауға анық мүмкіндік бар. Сауалнама барысында «Өз жұмысыңызды қалай бағалайсыз? Сізге ұнай ма? Жаныңыздағы ұжымдастарыңызбен бірге жұмыс істегенді қалайсыз ба?» деген секілді сауалдар қойылады. Сауалнама қорытындысында күрмеуі қиын мәселелердің шеті көрінетін болса, онда аталған мекеме басшылығына жұмыс тәртібі мен талабын күшейту туралы ұсыныс жасалады», – дейді Шаимова баспасөз-мәслихатында.

Оның айтуынша осы арқылы мемлекеттік қызметкерлер арасында этикалық құндылықты қадағалайтын арнайы институт құрылады.

«Бұл институт қала, облыс әкімшілігі аппараттарына қарайды. Бұл функция сол жерде қызмет атқаратын адамдардың барлығына ерекше жауапкершілік жүктейді. Сол арқылы азаматтардың басшылық алдында құқығы тапталмай, мекеменің психологиялық климаты да жақсара түспек», – деп түсіндірді вице-министр.

Талқылау